ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм арнасында елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 4 қаңтардағы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 600 адам коронавирус инфекциясынан (–2 406+ және 194 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 341 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.