ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм арнасында коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 25 қаңтардағы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
25 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 750 адам коронавирус инфекциясынан (–1 608+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.