Ерте қартаймау үшін 4 әдеттен сақтаныңыз
Алайда ақ шаш пен ұсақ әжімдердің пайда болуына қарағанда сырт келбетке қаттырақ әсер ететін зиянды әдеттер бар.
Әйелдердің 20%-і өздерінде бірінші ақ шаштың пайда болғанын 30 жасқа дейін байқайды. Ол қартаюдың басты белгісі болмаса да, әйел психикасына қатты әсер етеді екен. Көз айналасында пайда болатын әжім де әйелге жағымсыз сезім сыйлайды. Алайда ақ шаш пен ұсақ әжімдердің пайда болуына қарағанда сырт келбетке қаттырақ әсер ететін зиянды әдеттер бар. Назарыңызға соңғы ғылыми деректерге сүйеніп, сыртқы келбетті ерте қартайтатын 4 әдетті ұсынамыз.
1-әдет. Енжар өмір салты
Калифорния Университетінің ғалымдары American Journal of Epidemiolog журналына енжар өмір салты жасушалардың қартаюын жылдамдататыны жайлы мақала жариялады. 8-10 сағат бойы отырып (мысалы, компьютер алдында) жұмыс істейтін әйелдер өздерінің биологиялық жасынан 9 жас үлкен көрінеді екен. Алайда, қорқудың қажеті жоқ: күніне 30 минуттық серуендеу мен баспалдақпен жаяу көтерілу мұның алдын алады екен.
2-әдет. Смартфонды шектен тыс қолдану
Ерте қартаюдың бір себебі – смартфондар мен мобилді құрылғыларды шектен тыс қолдану. Телефон мен компьютердің көк экраны коллагеннің бұзылуына, яғни ерте қартаюға әкеледі. Әжім торлары да, дақтар да осыдан пайда болады. Гаджеттердің тағы бір негатив әсері – бет және мойын терісінің салбырауы. Мұндай әсер смартфон ұстайтын 77% адамнан байқалған. Оның себебі адам ұялы телефон қолданғанда басын төмен салбыратып отырады.
3-әдет. Алкоголь
Алкоголь ішімдіктер сырт келбетке, әсіресе, тері мен шашқа негатив әсер береді. 20 жаста адамның иммун жүйесі жылдам қалыпқа келетіндіктен мастықтың салдары сезілмеуі мүмкін. Ал 30-40 жаста оның әсері бірден байқала бастайды, теріні қалпына келтіруге жылдам әсері бар ылғалдандырғыш маскалардың өзі әрең көмектеседі. Әрине, қызыл шарап секілді кей сусындардың пайдасы жайлы естіп жүрміз. Бірақ бір тамшы алкоголь ішпейтін әйелдердің тері жағдайы жақсы болатыны ғылыми дәлелденген факт екенін ұмытпайық.
4-әдет. Қайғы
Steelcase компаниясы жұмысбасты 12 000 еріктінің қатысуымен ауқымды зерттеу жүргізді. Сонда әйелдердің көбінде зейін қою қиындығы мен үлкен күйзеліс жүгі байқалған. Бұл әрдайым өзіңізді шаршаңқы сезінуге, жеке мотивацияның жоғалуына және жылдам қартаюға әкеледі.
Дереккөз: Massaget.kz