Өндірушілер электронды темекінің зияны жоқтығын жарнамалаудан жалықпайды. Бірақ жуырда жүргізілген зерттеулер оның кәдімгі темекіге деген тәуелділікті арттырмаса, жоймайтынан көрсетті, деп хабарлайды epochtimes.ru. Себебі электронды темекі никотин мен дәмдеуіштер қосылған қоспалардан «бу» шығаратын ингалятор ретінде жұмыс істейді. Калифорния университетінің ғалымдары онда болатын тазартылған никотиннің темекіні тастау үшін ешбір көмегі жоқтығын дәлелдеді. Олар өткізген тәжірибеге қатысқан 136 адамның тек біреуі ғана сынақ соңында темекі тартуды доғарғанын айтқан.
24.kz