Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда «Цефтриаксон» антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Препаратты дәріханалардан жаппай ала бастаған екен. Бұл олай емес.
Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды.
«Цефтриаксонның» жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.
«Цефтриаксон» – бұл сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатынн антибиотик.
Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.