Дәрігер-диетолог, Самарск диетология және диетотерапия ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург балдың ағзаға тигізер зияны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Диетологтың сөзінше, балды шамадан тыс көп тұтыну ерте қартаюға, жүрек-қан тамырлары ауруы, ісік, май басу және диабеттің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін екен.
"Балдың пайдасы туралы асыра сілтеп айтылған. Бұл өнімнің құрамында қант көп. Ал қант қартаюды жылдамдатады, тіс мәселелері, жүрек-қан тамырлары ауруларының туындауы, ісік, май басу және диабет сынды аурулардың пайда болуына әсер етеді. Сонымен қатар бал жоғары аллергозды өнім екенін естен шығармаған жөн және кері әсері тиюі де ықтимал. Мұндай жағдайда балды крем ретінде қолдануға болмайды", – деді Гинзбург.
Дәрігер балды тұмау кезінде пайдалану оң әсер ететінін айтады. Ол иммунитетті нығайтып, жазылу процесін жылдамдатады. Ағзаға зияны тимеу үшін маман тәулігіне үш қасықтан артық қолданбауға кеңес береді. Ал гипертония, диабет немесе атеросклерозы бар адамдар бір қасық бал тұтынғаны абзал.