Дәрігерге дер кезінде көріну үшін, қауіпті дабылдарды қалай білу керек?

Біздің ағзамыз түрлі қауіп-қатерді аурудың түрі арқылы да білдіріп отырады. Дәрігерге дер кезінде көріну үшін, қауіпті дабылдарды қалай білу керек?

1. Жақтағы ауырсынулар

Жақтың тұсындағы ауырсынулар көбіне көп тістің ауыруымен байланысты болып келеді. Кейде құлақтың ауруы да осы жақ ауырсынуы арқылы көрінеді. Алайда ешкім де жақтың ауруын жүрекпен байланыстыра алмайды. Десек те, сол жақ астыңғы жақтағы ауырсынулар дәл сол инфарктың алдындағы жағдайдан хабар беретіні ақиқат.

Таңертеңгі уақытта жақтағы ауырсынуларды байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге көрінген абзал, бұл жүректің жұмысының нашарлауынан хабар береді. Егер сол жақ жақтың астыңғы бөлігіндегі ауырсынулар қосымша бас айналу, дем жетпеу, сол жақ жауырындағы шаншу, не сол жақ кеуде тұсының ауруы арқылы білінсе, бұл миокард инфарктысының басталуынан хабар береді.

2. Аяқтың ауруы

Аяқтың ауруы көп жағдайда шаршағандықтан, ауыр нәрсе көтергеннен немесе ауыр жұмыс жасағаннан болуы мүмкін. Егер адамда көк тамырлардың созылыңқылығы байқалса, мұны сонымен де байланыстырған орынды.

Алайда аяқтағы ауырсыну кейде тіпті басқа жағдайдан сыр беруі мүмкін, яғни бұл астыңғы бөліктегі күре тамырлардың тромбозы деп аталады. Тромб кез келген уақытта жүрекке не өкпеге кететін қан тамыр кеңістігін бітеп қалып, нәтижесі өлімге әкеп соғуы мүмкін.

3. Оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар

Оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар болған жағдайда, оған мән берген дұрыс. Бұл өт қабының асқынғанын білдіреді. Бұл күрделі асқынуларға алып келуі мүмкін. Мұндай ауырсынулар ұзақ әрі қатты болады. Тіпті кейде арқаға да беріледі. Егер ауырсыну майлы тамақтан кейін бірден пайда болса, бұл холецистит белгісі екені анық.

4. Белдің ауруы

Ауыр дене жаттығуларынан денеңізді зақымдап алмаған болсаңыз, сіздің беліңіздің ауруы бүйректің қабынуы - пиелонефритке әкелетін бактериалды инфекцияның әсерінен болуы мүмкін.

5. Етеккір кезіндегі іштің ауруы

Етеккір кезіндегі іштің қатты ауыруы эндометриоз секілді аурудан хабар береді. Бұл ауырсынулар кезінде жатырдың сыртқы үлбірі ағзаға таралып, жатыр бөлігіндегі түтікшелердің бітелуіне әкеп соқтыратын кедергілер пайда болуы мүмкін. Бұл кейіннен әйел адамның бедеулігіне әкелуі ықтимал.

Кез келген ауырсыну сізді дүрліктіруі тиіс. Осылайша біздің денеміз ағзаның кейбір қызметінің бұзылғанын білдіріп отырады. Егер ауырсыну жиі мазаласа, дәрігерге баруды созудың қажеті шамалы.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua

reactor.inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста