Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шағымданғандардың 27,7 пайызы дәрігердің қабылдауын ұзақ күтуге мәжбүр болғанын айтады., - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
2023 жылдың І тоқсанында CRM жүйеге Астана қаласы бойынша 1424 өтініш түсті, олардың ішінді 971-і – шағымдар.
Шағымдардың 27,7% астамы – консультациялық-диагностикалық қызметтерді (бейінді салалық мамандарды, диагностикалық қызметтерді) ұзақ күту бойынша.
Келіп түскен арыз-шағымдарды саралай келе, елордада маман жеткіліксіздігінен бейінді салалық дәрігерлерді ұзақ күтетіні белгілі болды.
Бұл жерде айта кететін жайт, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жаңадан қосылған қызмет жеткізушілердің өздерінің мамандары жоқ, сондықтан «бейінді салалық» дәрігер қабылдауын бірнеше апта күтуге тура келеді.
Саралаған талдау көрсеткендей, шағымдардың 27,7%-дан астамы «дәрігердің қабылдауын ұзақ күтуге» қатысты.
Өтініш түскеннен кейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының мамандары медициналық ұйымға хабарласып, медициналық қызметтің қолжетімділігін тексереді, егер пациенттер қандай да бір себептермен оны алмаса, ұзақ күтудің себебін анықтайды.
Барлық өтініштер тіркеу нөмірін беру арқылы тізілімге енгізіледі, соның арқасында өтініштің қаралу барысы бақылауда болады.
Кез келген консультациялық-диагностикалық қызметті пациентке емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол науқастың жағдайын, шағымдарын, аурудың белгілерін зерделейді.
Тиісті көрсетілімдер болса дәрігер КТ, МРТ немесе басқа да зерттеу жүргізуге жолдама жазады. Бұл қызметтерді МӘМС жүйесінде алу үшін пациент «Сақтандырылған» мәртебесіне ие болуы тиіс.
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызмет көрсететін медициналық ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен тиісті шарт жасасады және шарт бойынша пациенттерге осы қызметтерді ұсыну міндеттемелерін орындауға тиіс.
«Қор тұрғындармен кері байланыс орнатып, тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. 2023 жылдың І тоқсанында CRM жүйеге Астана қаласы бойынша 1424 өтініш түсті, олардың ішінді 971-і – шағымдар. Шағымдардың 27,7% астамы – консультациялық-диагностикалық қызметтерді (бейінді салалық мамандарды, диагностикалық қызметтерді) ұзақ күту бойынша: мысалы, бейінді мамандарға, диагностикалық қызметтерге жете алмау немесе оларды ұзақ күту, сол секілді учаскелік қызметтерді (жалпы практика дәрігері, терапевт-дәрігер, педиатр-дәрігер), жедел медициналық көмек бригадасын ұзақ күту, т.б. Азаматтардан «емхана көрсетілімдер болса да, өткізу мүмкіндігінің жоқтығына сілтеме жасай отырып, консультациялық-диагностикалық қызметке жіберуден бас тартады» деген өтініштерді жиі аламыз. Мұндай жағдайда, қызмет жеткізуші Қор базасында тұратын медициналық ұйымдар қатарынан бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті. Егер бірлесіп орындау шарты ешкіммен жасалмаса, онда пациентті осы қызмет түрі бойынша Қормен келісімшартқа отырған медицина ұйымдарының біріне жіберуге тиіс, жолдама бойынша көрсетілген қызмет қорытындылары негізінде шарт автоматты түрде жасалады», - деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының ақпараттандыру бөлімінің бас сарапшысы Ж.Үмбетова.
Алайда, пациент өз емханасына бармай, басқа медициналық орталықтарға тікелей барып, консультациялық-диагностикалық қызметті ақылы алатын жағдайлар да кездеседі.
«Кейде біз әлеуметтік желілерден пациентке жолдама берілмегені және олар ақылы түрде қызмет (мысалы, КТ) алғаны туралы шағымдарды көреміз. Мұндай жағдайларда пациенттің құқығын қорғаушы ретінде Қор іске қосылады. Бірақ, кейде, тексеру нәтижесінде пациент тіпті өз емханасына жүгінбеген, бірақ дереу басқа жерде ақылы тексеруден өтуге шешім қабылдағаны анықталып жатады. Сондықтан, азаматтарды ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді пайдалануға шақырамыз. Егер проблемалар туындаса, алдымен емхананың Пациентті қолдау қызметіне хабарласып, өз құқықтарыңызды қорғаңыздар», – деп атап өтті Ж.Үмбетова.
Осы жылы Медициналық сақтандыру қоры Астана қаласы бойынша 170 медицина мекемесімен жалпы сомасы 242,7 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсету үшін келісімшарт жасаған.
Оның 121,8 млрд. теңгесі – МӘМС жүйесінде, 120,9 млрд. теңгесі – ТМККК аясында көрсетілетін қызметтерге тиесілі.
Егер сізде консультациялық-диагностикалық қызметтерді алуға қатысты сұрақтар туындаса немесе олардың көрсетілуіне қол жеткізе алмасаңыз, онда алдымен өз емханаңыздың пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңыз қажет.
Қазіргі уақытта пациенттерді қолдау қызметі мен пациенттер арасында байланыс нашар деуге болады. Халықтың көпшілігі медициналық ұйымда пациенттерді қолдау қызметі бар екенін де білмейді.
Сұрақтар туындаған жағдайда, олар пациент уақыт жоғалтпауы үшін сол жерде, яғни емханада ақпарат беріп, түсіндірудің орнына, пациенттерді ӘМСҚ кеңсесіне жібереді немесе 1406 байланыс орталығына хабарласуға кеңес береді.
Егер консультациялық-диагностикалық қызметтерді немесе басқа да қызметтерді ұзақ күтіп, көмек алу мүмкіндігі болмаған жағдайда денсаулық сақтау басқармасынан жағдайды нақтылай аласыз.
Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен, fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot арналары арқылы өтініш жолдауға болады.