Бойыңызды кез келген уақытта өсіре аласыз

Ұзын бойлы, сымбатты болуды әркім-ақ қалайды. Дегенмен жас кезде болмаса, ересек адамдарда бойдың өсуі белгілі бір шамаға жеткесін тоқтайтыны белгілі. Одан кейін қандай амал қолданса да бой өспейді. Дегенмен оны түрлі тәсілдермен 2-3 сантиметрге дейін ұзартуға болады екен. Төменде сол жайлы айтылады. 

Жас ұлғая келе омыртқааралық дискілер нығыздалып, бойды 5 сантиметрге дейін аласарта алады. Ал қалаған адам осыған жол бермей, тіпті бойды аздап өсіре де алады. Оған дене жаттығулары, дұрыс тамақтану, толыққанды ұйқы, арнайы тренажерлер көмектеседі. Бастысы – жаттығуларды кешенді әрі тұрақты түрде жүргізіп отыру. Мынадай жаттығулар жасау керек: 

Керіліп-созылу. Күнде жасап тұрса ол дененің созылғыштығын дамытады, сіңірлер мен бұлшық еттерді созады, соның нәтижесінде омыртқа түзеледі.Жаттығу кезінде еңкейгенде саусақтар еденге еркін жетуі тиіс. Алақанды еденге тигізсе, тіпті жақсы. Осыған ұқсас басқа да жаттығуларды жасауға болады. Соның бірі – «Аспанды көтеру». Оны былай жасайды: тік тұрады, барлық бұлшық еттер босаңсыған күйде болуы тиіс. Аяқты бірдей ұстап, қолды төмен түсіреді. Алақанды жерге қарата ұстай отырып қолдарды алға, сосын жоғары көтереді. Алақан аспанға қаратылады. Мұрынмен баяу тыныстау керек. Басты баяу көтеріп, қолдарға қараңыз. Бірнеше секунд демалмай тұрыңыз да, бас пен қолды ақырындап төмен түсіріңіз. Ауызбен тыныстауға болады. 10 немесе 20 мәрте осылай жасаңыз. Күн сайын, кемінде 3 ай бойы. 

Тағы бір жаттығу бар, «Суперкобра» деп аталады. Шалқалап жатып, күшті башпайлар мен алақанға сала отырып бөксені көтересіз, аяқты бүге, белді сыртқа қарай қайыстырыңыз. Бұл кезде иек кеудеге «V» әрпінің аударылған түріндей болып тұрады. Күш табан мен алақанға түседі. Біраздан соң алғашқы күйге қайта ораласыз. Бұл жаттығуды бірнеше мәрте қайталайсыз. 

Денені оңға-солға ию де пайдалы. Бұл кезде иық құлаққа тигені дұрыс. 10-20 мәрте.Сондай-ақ денені артқа шалқайту да жақсы жаттығу. Бірте-бірте саусақтарды өкшеге тигізуге де болады. 

Ауыр салмақ көтеретін жаттығулар бой өсуін тежейтіні есіңізде болсын. Омыртқаны, әсіресе мойыномыртқасын сауықтыратын жаттығуларды жиірек жасаған дұрыс. 

Турникте салбырап тұрудың да бой түзеуге әсері жақсы. Күн сайын кешкі уақытта турникте бірнеше секунд салбырап тұрсаңыз, пайдалы. Бассейнге түсіп тұру керек. Тұрақты түрде. Оның омыртқаға ғана емес, бүкіл ағзаға, тыныс алу жүйесіне пайдасы зор. 

Сондай-ақ дұрыс тамақтануға да мән берген абзал. Жоғарыда аталған жаттығулар тиімді нәтиже беруі үшін оны қажетті минерал, витаминдермен дер кезінде қамтамасыз етіп тұрған абзал. Табиғи таза көкөніс, дәнді дақылдар, жемістер, ірімшік, теңіз балығы әрқашанда тамақ мәзірінде болғаны дұрыс. 

Бой өсуінде әсіресе кальций, цинк және Д витаминінің орны ерекше. Олар жетіспесе, адамның бойы «шөге» бастайды. Сондықтан қан сынамасын тексеріп, Д витаминінің мөлшерін біліп алу керек. Ол ересек адамда 70 нг/мг болуы тиіс. Ағзада Д витамині жетіспесе кофе ішпеңіз, ол осы витаминнің қас жауы. Сондай-ақ басқа да сергітетін сусындардан бас тарта тұру керек. Дәрігермен кеңесіп, тиіті витаминдерді қабылдаған дұрыс. 

Ұйқы да қалыпты болғаны абзал. Ағза ұйқы кезінде өсетінін ұмытпағайсыз. Бойды «тартып», созып өсіруге болмайды, ағзаға зақым келуі мүмкін. Жоғарыда атап көрсетілген ережелерді ұстанып, жаттығуларды жасап тұрсаңыз, оңды нәтиже аласыз. 

Б. РЫСҚҰЛ

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста