Бірлігі жарасқан ұжымның - берекесі мол

Елбасының жарлығымен биылғы жыл елімізде Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп жарияланды. 20 жыл ішінде Ассамблея өзінің міндетін толықтай атқарып, елге пайдасын тигізді. Осы мақсатта Елбасының бастамасына өз үлесін қосу мақсатында Алматы қалалық Перинаталды орталығы да бірқатар іс-шараларға мұрындық болды.
Перинаталдық медицина болашақ ұрпақ денсаулығы үшін күреседі. Біздің мақсатымыз – ана мен бала өлімін болдыртпау және өлім көрсеткішін төмендету. Осы мақсатта мекемемізде қызмет атқаратын 15-тен астам өзге ұлт өкілдері бір анадан туғандай тату тәтті қызмет атқаруда. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін жұмысқа қарамастан орталық ұжымы Ассамблеяның 20 жылдығына арнап, «Нұр-Отан» бастауыш партиясы ұйымымен бірлесіп, үлкен іс-шара өткізді.
Өткізілген мерейтойда әрбір ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрлерін, өз ұлтының өнерлерін паш етумен қоса, ұлттық тағамдарымен де таныстыра кетті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: көп ұлтты елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық нығая түсіп, әрқашан ашық аспан астында көк байрағымыз желбіреп, бақытты ғұмыр кешу, көп ұлтты ұжымның бірлігін нығайта түсу. Жарқын болашақтың кепілі осы әртүрлі ұлт өкілдеріның өзара түсіністік пен сыйластыққа тікелей байланысты екенін жан-тәнімен түсініп, оны бағалай білуі.
Татулық, бірлік бар жерде ғана жарасымды тірлік болатынын барлығымыз жақсы білеміз. Сондықтан ата-бабаларымыз қалыптастырған достықтың тамырын тереңге енгізіп, Елбасының салиқалы саясатын алға ұстанып, Мәңгілік елге бірге қадам баса берейік. Көп ұлтты ұжымымыздың ынтымағымыз одан әрі жарасып, ел тәуелсіздігі нығаюы жолында еңбек ете берейік деп тілейміз.

Қайраңбаева Роза Шеңгелбайқызы
Жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог, Перинаталды орталықтың «Нұр-Отан» бастауыш партиясы төрайымы. 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста