Бет-әлпетке қарап генетикалық ауруды анықтауға болады

Бет-әлпетке қарап генетикалық ауруды анықтауға болады

Жасанды интеллект адамның көзқарасына, бет- әлпетіндегі ерекшеліктеріне қарап, ауру белгілері пайда болмай тұрып ерте диагностика жасауға көмектесетін болады.

BBC басылымының жазуынша, ғалымдар жаңа зерттеу барысында адамның жүзіндегі өзгерістер нақты бір аурудың белгілері бола алатынын анықтады.

«FDNA атты бостондық стартап компания Face2Gene қосымшасын жасап шығарған. Бұл қосымша емделушінің бет-әлпетіне қарап генетикалық аурулардың пайда болуын ерте анықтай алады. Қосымша жасанды интеллект технологиясына негізделген. Оның алгоритмі адамның бет пішініне қарап сирек кездесетін генетикалық ауруларды да ерте анықтай алады», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, алгоритмге 216 генетикалық аурумен ауыратын 17 мың адамның суреті көрсетілген. Сол арқылы жасанды интеллект олардың келбетіндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтаған.

«Бұл белгілерді дәрілергер көре алмайды. Осы күнге дейін Face2Gene жүйесі қойған диагноздың 91% дұрыс болып шыққан. Ал генетикалық аурулар ерте анықталған жағдайда оған жасалатын ем-дом шаралары да жылдам әсер ететіні белгілі. Сирек кездесетін аурулар әлем халықтарының он пайызында болатындықтан, мұндай технологиялар медицинаға төңкеріс әкелетін болады», - дейді автор.

ҚазАқпарат

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста