Базардағы жемістерден қалай уланып қалмауға болады? Маман кеңесі

Бүгінде еліміздегі базарлар жан-жақтан келген жеміс-жидекке толы. Бірақ, аптап ыстықта көп адамдар жемістердің кесірінен уланып, түрлі ішек инфекциясымен ауруханаға түсетіні жасырын емес. Дегенмен, үкімет шағын бизнес өкілдеріне мораторий жариялағаннан бері, жеміс-жидек сататындарды да тексеруге қауқарсыз. Сондықтан, олардың халыққа ұсынып жатқан өнімдерінің қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Базар сөрелеріндегі жеміс-жидектердің көбі көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан әкелінеді. Одан бөлек, оңтүстік аймақтардан жеткізілетіні тағы бар. Кей жемістер өз мезгілінен бұрын саудаға шығып жатады. Сондықтан, оларды тұтынарда барынша сақ болған жөн. Бірақ, тұрғындардың көбі бұған мән бермейді.

 
Дәрігерлер жазғы уақытта ішек инфекциясының белең алатынын айтып отыр. Аурудың бұл түрі көбіне шала піскен жидектен, сондай-ақ санитарлық талаптардың сақталмауынан болады. Сондықтан, мамандар тәтті өнімдерді пайдаланбас бұрын жуып тазалауға шақырады. Ал сырқаттанған жағдайда инфекцияны үй жағдайында емдеудің жолы бар. 

“Үй жағдайында егер де жеңіл түрде құсу түрінде белгілер болса, іш өту. Мысалы, күніне 4-5 рет қана болатын болса, дене қызуы көтерілмеген жағдай болса оральный регитирация дейді, яғни тұзды су беру арқылы, минералды су арқылы қалыпқа келтіруге болады. Таяқшаның организмге түсуі көп мөлшерде болатын болса, міндетті түрде стационарлық емге жүгінген дұрыс”, – деді инфекционист дәрігер Айжан Иманова.

Егер уланғандардың қатарына табылғыларыңыз келмесе, жеміс -жидекті де дұрыс таңдай білген жөн. Мысалы алманың піскен, піспегенін оның аңқыған исінен білуге болады. Ал құлпынайға келетін болсақ, оның түбіндегі жасыл жапырақтарының түсінің қанықтығынан білуге болады. Сондай-ақ, шиенің де сырты жылтыр болған сайын, сабақтарының түсі қанық болған сайын оның нағыз піскен жидек екенін білуге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста