Балмұздақ пен тамақ ауруы арасындағы байланыс туралы миф теріске шығарылды
Ангина кезінде бірнеше қасық балмұздақ жеу, тіпті ол суық болға кезде де, адамға ешбір зиян тигізбейді, керісінше көмектеседі. Бұл туралы жалпы практика дәрігері Ирина Добрецова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 
Оның айтуынша, бұл тәтті тамақтағы ауруды жеңілдетеді, демек, көңіл-күйді жақсартады. 
 "Кез-келген суық тағамдар, соның ішінде балмұздақ қабынуды тыныштандыруға және зардап шеккен аймақтағы ауруды басуға көмектеседі. Бұл әсер уақытша, бірақ сезіледі", - деді Добрецова.
Шындығында, қате түсінікке қарамастан, тыныс алу жолдарының ауруы аяздан емес, патогендік бактериялардан туындайды. Мысалы, егер сатушылар балмұздақты жөнсіз бірнеше рет ерітіп, қайта қатыратын болса, онда стрептококк пайда болады, сол тамақ ауырына алып келеді.