Атыраулық азамат о дүниеден оралды

Атырау облысында дәрігерлер клиникалық өлім жағдайы тіркелген азаматтың есін жиғызды, деп хабарлайды atpress.kz.

 

Жылыой ауданының жедел жәрдем дәрігерлері науқасты тура мағынасында о дүниеден қайтарды.

 

Оқиға Құлсары-Теңіз тас жолында болған. 29 жастағы геодезист жұмыс орнында өзін нашар сезініп, есінен танып қалады.

 

Жедел жәрдем бригадасы дереу шақыртуға барды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамға клиникалық өлім диагнозын қойды. Мобильді бригаданың фельдшерлері Азиз Шайхиев пен Қазына Орашева дереу көмек көрсете бастады.

 

Медициналық манипуляциялар қолданылып ағзаның өмірлік функциялары қалпына келтірілді. Жедел жәрдем қызметкерлері атап өткендей, науқастың жүрегі жедел жәрдем көлігінде үш рет тоқтаған.

 

Қазіргі уақытта жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақты дейді мамандар.

 

 

 

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста