Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова қаладағы эпидемиологиялық-санитарлық жағдаймен таныстырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
«Биыл 6 айдың қорытындысы бойынша елордада инфекциялық, паразиттік, карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады. Осы күнге дейін елордада тырысқақ, іш сүзегі, ботулизм, қызамық, дифтерия, листериоз, сібір жарасы, қышыма және тағы басқа жұқпалы аурулар тіркелмеген. Санитариялық қызмет жұқпалы аурулар бойынша тұрақты түрде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізіп тұрады», - деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бас санитардың айтуынша, уақытылы профилактикалық шаралардың нәтижесінде кейбір инфекциялық аурулардың тарауы төмендеген.
«Мысалы, альмонеллез 42%-ға, жедел ішек инфекциясы 5%-ға, скарлатина 56%-ға, бактериялық менингит 36%-ға, серозды менингит 14%-ға, желшешек 40%-ға, энтеробиоз 24%-ға және педикулез 44%-ға төмендеді. Сондай-ақ туберкулез, эпидпаротит, В және С гепатиті бойынша көрсеткіш өткен жылға қарағанда тұрақты. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, 6 инфекция бойынша ауру өршігені байқалады. Атап айтқанда, вирустық А гепатиті 88%-ға, менингококк инфекциясы 84%-ға, тұмау 20 есе, ЖРВИ 4 есе, қызылша 117 жағдайға және дизентерия 6 жағдайға артып отыр», - дейді ол.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz