Асқабақ дәнінің емдік қасиеттері

Таяуда барлық жемістер мен көкөністер пісіп, бақшалардан жинала бастайды. Әсіресе, осы көкөністердің ішіндегі асқабақтың пісуін көпшілігіміз асыға күтеміз. Біріміз асқабақтың өзін ұнатсақ, енді біріміз одан жасалған тағамдар мен дәмді бәліштерді сүйеміз. Ал, кейбір адамдар оның ерекше дәмі бар дәндерін қалайды.

Асқабақтың емдік қасиеттері Авиценаның жазбаларында да, Мухаммед Хусейн Шеразидің еңбектерінде де кездеседі. Бұл жазбаларда тіпті, асқабақ дәнінің майы құлақ пен тамақ ауруына ем ретінде пайдаланылатыны, ыстығы көтерілген адамдарға асқабақ шырынының шипалы әсер ететіндігі айтылады.

Сол ерте заманның өзінде көру қабілеті нашарлағанда, қан аздықтан жапа шеккенде, артық салмақтан арылғысы келгенде адамдар асқабақтың еміне жүгінген. Сонымен қатар, асқабақ асқазан мен ішекті шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады.

Осынау дақыл дәндерінің құрамында жүрек жұмысын қалыпқа келтіре алатын магнидің жеткілікті мөлшері бар. Магний жүрек бұлшықеттерінің жұмысын жақсартып, ырғақтың бұзылуына тосқауыл қояды. Ғылымда дәлелденгендей, холестериннің жоғары деңгейі жүрек қан-тамырлары ауруларын тудырады. Ал, дәнектердің құрамындағы фитостеролдар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.

Асқабақ дәнектерінің құрамындағы триптофан аминқышқылдары ағзамыздағы серотиннің өнуіне жол ашады, бұл ұйқының толықтай жақсаруына септігін тигізеді. Дәнек құрамындағы цинк бас мидың жұмысын қалыпқа келтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы шаршауды да басатын қасиетке ие.

Дәнектердегі жасұнық ішек жұмысын белсенді етіп, босата алады. Дәрігерлер іш қату қиындықтарына тап болатындарға күнделікті тағамға асқабақ дәнектерін қосуға кеңес береді.

Асқабақ дәндері жүктіліктің ең алғашқы айларында маза бермейтін жүрек айнуларына жақсы көмектеседі. Көптеген болашақ аналар асқабақ дәнектерінің арқасында жеріктіктің ең қиын кезеңдерін жеңе алады.

Дәрігерлер асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған, асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнектерін қолданбауға кеңес береді.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста