Ақтауда ауызашарда астан уланған медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. . Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына сілтеме жасап жазды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аурудың топтық жағдайы, жіті ішек инфекциясы, гастроэнтерит туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта басқарма мамандары эпидемиологиялық тергеу жүргізіп, аурудың мән-жайын анықтап жатыр, – делінген басқарма мәліметінде.
Әзірше ауызашар берілген мейрамхананың аты белгісіз. Мамандар тергеу жүргізілгеннен кейін жариялайтынын айтып отыр.
Еске сала кетейік, Ақтауда 50-ге жуық медицина қызметкері шаһардағы мейрамханалардың біріне ауызашарға барып, олардың 16-сы астан уланып қалған.