Әлеуметтік желілерден тарайтын аурулар

Ағылшын ғалымдарының зерттеу орталығында әлеуметтік желілерді көп қолданатын жасөспірімдердің ұйқысыздық, күйзеліс және мазасыздану сияқты жағымсыз салдарға, тіпті ауруға ұшырау мүмкіндігі жоғары екені анықталды.

Зерттеу жұмысына 500-ге жуық жасөспірім қатысқан. Глазго университетінің қызметкерлері доктор Хизер Клиланд Вудс пен Холли Скотт зерттеу кезінде әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланудың денсаулыққа қалай әсер ететінін білу мақсатында оларға арнайы сауалнама жүргізген.

Экспериментке қатысушылардан олар күні бойы және ұйқы алдында әлеуметтік желіге қанша рет кіретінін анықтаған.

Сонымен қатар олар жасөспірімдердің онлайнда болуға деген ынтасына да зор мән беріп, интернетке кіре алмаған жағдайда қандай жайсыздықты сезінетінін де білуге тырысқан.

Сөйтсе, кәмелетке толмаған жасөспірімдер онлайн байланысқа қаншалықты күйіп-піссе, ұйқысыздық ауруына шалдығу деңгейі де соншалықты жоғары болады екен.

Өзіне өзі көңілі толмағандар ұйқысыздық пен мазасыздық ауруына көбірек ұшырайтынына мамандар көз жеткізіп отыр.

Себебі, әр жас бала әлеуметтік желіні қолданып, өзгелердің жетістігі немесе әлдебір жақсы істері жайлы көбірек білсе, өзіне деген бағасы соғұрлым төмендей береді.

Оның соңы жоғарыдағы айтқан ауруларға әкеліп соқтырады. Көбінде мұндай белгілер Facebook, Twitter, Tumblr, Pinterest, Instagram және Youtube сияқты сайттардың қолданушыларынан айқын көрінген. Бұл ата-аналардың құлағына алтын сырға болуы тиіс.

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста