Абай Байгенжин: «Сіздің денсаулығыңызды мемлекет өмір бойы қамқорлығына ала алмайды»

Қазақстан тарихындағы қос МӘМС жүйесінің дайындық жұмыстарына тікелей араласқан жоғары санаттағы дәрігер, профессор, академик Абай Байгенжин медициналық сақтандырудың кімге тиімді екенін түсіндірді. «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ Басқармасы төрағасының пікірнше, 1996-1998 жылдары еліміздегі денсаулық сақтау саласын дағдарыстан алып шыққан МӘМС, ел азаматтарына бүгін де аса қажет. Өйткені жаңа жүйе адамдарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді, аурудың алдын алуға мүмкіндік туады және мемлекет мойнындағы жүк те жеңілдейді.

-Абай Қабатайұлы, медициналық сақтандыру десе, ел еріксіз 1996-98 жылдарды еске алады. Сіз сол жылдары денсаулық сақтау саласындағы реформаның басы-қасында жүрдіңіз. Екі кезеңді салыстыруға келе ме?
-Мен 1996-1998 жылдарда енгізілген медициналық сақтандыру қорының бас директорының орынбасары болдым. Ол кезде Қазақстандағы ауруханаларда ақшаны айтпағанда, дәрі-дәрмек, төсек-орын, тамақ та болмады, ал дәрігерлер жарты жылдап жалақы ала алмай жүрді. Мен сол жылдары еліміздің түкпір-түкпірін аралап шықтым, сырқаттан жаны қиналған жұртты көргенде, жүрегің ауыратын. Ал тығырықтан шығудың жалғыз жолы - медициналық сақтандыру болды. Өйткені науқастарға тым болмаса шұғыл жағдайда жедел медициналық көмек көрсету керек еді. Осындай қиын-қыстау уақытта Үкімет жанынан Медициналық сақтандыру қоры құрылып, біз Денсаулық сақтау министрлігімен қатар жұмыс істедік. Қаржыны нақты қажет салаларға бағыттау арқылы медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласын дағдарыстан алып шықты. Осындай нәтижеге қарамастан, Медициналық сақтандыру қоры Автокөлік жолдарына қызмет көрсету сынды әлеуметтік маңызы жоқ қорлармен қатар жабылып қалды, мен мұндай шешімді мүлдем дұрыс емес деп есептеймін.
-Қазір Қазақстандағы медицина, денсаулық сақтау саласы түбегейлі өзгерді, 1996 жылдағыдай ауруханалар қаржыдан қысылып отырған жоқ. Ендеше, бүгінде МӘМС жүйесінің қажеті қанша, ол кімдер үшін тиімді?
- Әлемде денсаулық сақтау саласы үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Бірінші –денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға мемлекет мүлдем араласпайды. Екінші – денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ісінде мемлекеттің рөлі орташа. Үшінші – денсаулық саласына 100 пайыз қолдау көрсететін мемлекеттер. Қазақстан соңғы топқа кіреді. Біздің санамызға мемлекет барлық медициналық қызметті, қымбат операцияларды тегін жасауы тиіс, дәрі-дәірмекті ақысыз таратуға міндетті деген түсінік сіңіп қалған.
Ал медициналық сақтандыру дегеніміз не? Медсақтандыру азаматтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйретеді. Сіздің денсаулығыңызды мемлекет өмір бойы қамқорлығына ала алмайды. Әркім өз өміріне өзі жауапты, қазақта «Құдай сақтансаң, сақтайды» деген де сөз бар.
-Сіз басқарып отырған Ұлттық ғылыми медицина орталығының қызметкерлері МӘМС жүйесінің талаптары бойынша жұмыс істеуге дайын ба?
-Өздеріңіз білесіздер, дәрігерлердің жұмысы ауыр, олар науқастарға күні-түні көмек көрестеді. Бірақ, басшысы ретінде мен қарамағымдағы қызметкерлердің жүктемесін барынша жеңілдетуге тырысамын. Қазір біздің орталық толық электронды ақпараттық жүйеге көшкен. Мәселен, пациент миокард инфарктісімен ауруханаға келсе, ол ауруды емдеу құны қанша болатынын компьютер автоматты түрде есептеп береді, сол сияқты әрбір аурудың нақты бағасын білеміз.
Сонымен қатар, дәрігердің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлеміз, мен орталықтағы әр маманның пайдасын және жұмысының нәтижесін білемін. Сондықтан кейбір дәрігерді біліктілігін көтеру үшін оқуға жіберемін. Яғни, біздің орталықтағы дәрігерлер МӘМС талаптарына сәйкес жұмыс істеуге қабілетті деп айта аламыз.
Біз де орталықтағы 1200 қызметкер үшін МӘС қорына ақша аударамыз. Себебі ешбір мемлекет, тіпті ол аса бай ел болса да, 100 пайыз жауапкершілікті толық мойнына ала алмайды, қызметкерінің денсаулығына жұмыс беруші де жауапты.
Ұлттық ғылыми медицина орталығында 300 адамға арналған төсек-орын бар, жылына 12 мың науқас емделеді, 8 мың операция жасаймыз. Қазақстандықтар көбіне дәрігерге ауруын асқындырып келеді, әрбір пациенттің кем дегенде 3-4 диагнозы бар. Мәселен, адамның жүрегі ауырса оған өкпе, бүйрегіндегі ақау әсер етуі мүмкін. Пациенттерге толық диагноз қойып, ауруларын бөлек-бөлек емдейміз.
-Қазақстанда келесі жылдан бастап стационарды алмастыратын емді арттыру жоспарлануда, сіздіңше, бұл дұрыс па?
-Жүрек, инфаркт сынды ауруларды және операциядан шыққан науқасты бастапқы кезде амбулаторияда толық емдей алмаймыз. Олар міндетті түрде стационарда емделуі тиіс. Ал оңалту, ағзаны қалпына келтіру сынды емді стационарды алмастыратын орындарда қабылдауға болады, мұндай науқастар орынды алып ұзақ жатпауы тиіс.
Жасыратыны жоқ, операциядан шыққан науқасқа қарапайым күтім жасауды меңгермеген мамандар бар. Сондықтан бізге бірінші кезекте медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге көп көңіл бөлуіміз керек. Тәжірибесі мол, жас дәрігерлер бұрыннан келе жатқан ескі мамандардың жанында жүріп білмегенін сұрап, үйреніп қалуға тырысқаны дұрыс.
-Сол тәжірибелі дәрігерлердің бірі - өзіңіз, шәкірттеріңіз бар ма?
-Шәкірттеріміз бар, әрине. Осы орталықтағы факультеттің профессорлары 15 жылдан бері жаңадан келген дәрігерлерді 2-3 жыл қасында ертіп жүріп үйретеді. Біз жылына оншақты шәкірт дайыдауымыз мүмкін, ал Қазақстанға мыңдаған маман керек қой, бұл мәселемен медициналық жоғары оқу орындары айналысуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста