Абай аудандық ауруханасының дәрігерлері Алматыда біліктіліктерін шыңдап қайтты

Ата-бабаларымыз «бір ғасыр өмір сүр, бір ғасыр оқы» деп бекер айтпаса керек. Қазіргі көз ілеспей өтіп жатқан уақытпен таласып жаңарып бара жатқан ғылым, білім, технологияны игеріп үлгеру мүмкін болмай барады. Басқа да ғылым салалары секілді медицина ғылымы да бір орында тұрмай, қарқынды дамып барады. Күннен күнге түрлі медициналық құрылғылардың небір жаңа түрлері қолданысқа енуде. Десек те, халқы ат төбеліндей болғанымен, иеленген жер аумағы бірнеше мемлекет сыйып кетерлік еліміздің шалғай аудандарына заманауи жаңалықтардың жылдам жете қоюы оңай емес. Сондықтан да кейде қаладан алыс аудандардағы түрлі сала мамандарына ірі қалаларға, үлкен білім ордаларына барып білімдерін шыңдап қайтуға тура келеді. Таяуда Шығыс Қазақстан облысы, Абай аудандық орталық аурухананың бір топ маманы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік медициналық үздіксіз білім беру университетінде білімін жетілдіріп қайтты. Аудандық аурухана мамандарына білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берген Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры. Қор барлығы 7 маманның тегін білім алып, біліктіліктерін шыңдай түсуіне жағдай жасады.

Еліміздің шығысындағы Семей өңірінде кейінгі жылдары онкологиялық аурулардың көбейіп кеткенін айтып мамандар дабыл қағуда.Әрине, мұның нақты себебін ешкім дөп басып айта алмағанымен, осы аймақтағы экологиялық ахуалдың нашар екені бесенеден белгілі. Басқасын айтпағанда, қаншама буын бір ғана полигонның зардабын тартып келеді. Яғни, полигонның экологияға тигізген зияны орасан, ал нашар экология адам өміріне қауіп төндіреді. Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық орталық ауруханасының алғашқы санитарлық медициналық көмек көрсету ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары Қалбабаев Бақытжан Ережепбайұлының айтуынша, осы өңірде туылатын 200 баланың бесеуі түрлі кемістікпен туылады екен. Бүгінде аудан халқының саны өте азайып кеткен. Айталық ауданда осыдан 10 жыл бұрын 25 мың адам болса, қазір 15 мың ғана тұрғын қалған. Аудан халқының тұрмыс жағдайы мәз емес.

«Әр жылы әртүрлі ауру түрлері көбейіп, азайып отырады. Айталық бір жылдары жүрек, қан-тамырлары аурулары көбейіп кетсе, бір жылдары қант диабеті өршіп кетеді. Ал 2017-2018 жылдары басқа жылдармен салыстырғанда ауданымызда онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың саны күрт көбейіп кетті. Бұның себебі сан түрлі. Өңірде онкологиялық аурулар жылдан жылға көбейіп келе жатқандықтан білікті мамандар бізге ауадай қажет. Абай ауданы облыс орталығынан және үлкен қалалардағы ірі медициналық орталықтардан шалғай қоныстанғандықтан, осы аталған ауруларды уақытында анықтауда қолданылатын кейінгі заманауи технологияларды пайдалану кенжелеп келеді және де медицина саласында болып жатқан бүгінгі ақпараттық жүйелерге қосылуда қиындықтар туындауда. Осы мәселелерді шешуде бізге Асқар Жакулин атындағы қор қол үшін берген кезде өте қуанышпен қабылдадық. Бүгінгі күні осындай игі істің арқасында бірнеше мамандар: онколог, офтальмолог, ВОБ, санолог, ПМСП меңгерушісі Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік медициналық үздіксіз білім беру университетінде білімін жетілдіріп қайтты, Онкологиядан биопсия алу, офтольмология саласы бойынша жедел түрде көрсетілетін көмектің кейінгі кездегі өзгерістері, ВОБ дәрігері кардиология саласы бойынша жедел көрсетілетін көмекпен, статист дәрігер және ПМСП меңгерушісі жаңа медициналық ақпараттық бағдарламалармен медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеумен танысып қайтты.Дәрігелердің алған білімдерінен, үйренген іс-тәжіриберінен аудан халқына онкология саласы бойынша,жүрек,қан-тамырлары жүйесі бойынша уақытында диагностикалық көмек көрсетуде айтарлықтай көп көмек болатыны айқын. Ақпараттық жүйеде болып жатқан өзгерістермен технологияларды меңгеру статистика саласында және ұйымдастыруда көп көмегін тигізері анық. Осындай көмек көрсетіп жатқан Асқар Жакулин атындағы қорға Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы орталық емханасының атынан шексіз ризашылығымызды білдіреміз», деді білікті дәрігер Бақытжан Қалбабаев.

Шығыс Қазақстаннан келген дәрігерлердің білімін жетілдіру курсы бір айға созылып, желтоқсанның ортасында аяқталды. Курсты тәмамдаған дәрігерлерге арнайы сертификаттар табыс етілді. Абай ауданынан біліктілігін шыңдауға арнайы келген дәрігерлер өздеріне осындай мүмкіндікті берген Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына, қор директоры Гүлнар Сейдоллақызына, Қазақ мемлекеттік медициналық университеті мамандарына алғыстарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік өткен жылы қор мүшелері ШҚО Абай ауданы, Қарауыл ауылында да болды. Аудандық аурухананың сұранысы бойынша қор жергілікті ауруханаға соммасы бір миллионға жуық 6 дана ноутбук,5 дана көп салалы ақпаратты тасымалдау құрылғысын сыйға тартты.

Марқұм Асқар Жакулиннің жары Жайна Жакулина құрған қайырымдылық қорының бұдан басқа да ауыз толтырып айтарлық игі істері көп. Қайырымдылық қорының директоры Гүлнар Сейдоллақызының айтуынша, қайырымдылық қоры келесі жылы да осындай игі шараларды ұйымдастырып, талай жанға шапағатын тигізбек.

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста