2021 жылы қандай тұлғалардан айырылып қалдық?
2021 жыл қазақстандықтар үшін ауыр жыл болды, елдің бірқатар бетке ұстар азаматы өмірден өтті, деп жазады Sputnik.
2021 жылы қазақ елі бетке ұстар біршама азаматынан айырылды. Оның арасында елі сүйген әнші де, саналы ғұмырын ғылымға арнаған нар тұлғалар да, әртістер де, қазақ журналистикасының майталмандары бар.
Қазақ әдебиеті қара жамылды
Бір жыл ішінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері бірінен соң бірі дүниеден өтті. Бесінші сәуірде қалың қазақ Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтен айырылды. Қазақ әдебиетінің қара нары 85 жасқа қараған шағында бақилық болды.
Қабдеш Жұмаділов есімі Қытай шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен қатар аталады. Ол 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскен. Екінші курсты бітірген соң кері шақырылған. 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. Жазушы 1962 жылы атамекенге қайтып оралған.
"Мен туралы сөз болса, менің азаматтық қызметім мен шығармашылық қызметім деп екіге бөліп айтамыз. Азаматтық қызметімнің шыңы – 1962 жылғы көш. Ол көшке мен ілесіп келген кісі емеспін, сол көштің бұйдасын ұстап, бастап келген адаммын. Ол үшін қыс бойы қанша дайындық болды. Мәскеумен келісе отырып жасалған көш. 20 күн бойы жаяу, атты, арбалы көш ағылды. Содан екі жүз мыңның үстінде қазақ өте шықты. 10 сәуірде басталып, 1 мамырда жабылды", - деген Қабдеш Жұмаділов.
Атамекенге келген соң өмірде көрген-білгенін хатқа түсіріп, том-том шығармалары жарық көрді.
Айналдырған екі жыл ішінде "Қаздар қайтып барады" әңгімелер жинағы мен "Көкейтесті" романын жазды. Қабдеш Жұмаділовтің "Соңғы көш", "Атамекен", "Тағдыр" романдарында Шыңжаң қазақтарының өмірі жазылған.
Қабдеш Жұмаділовке 1998 жылы Қазақстанның халық жазушысы атағы берілді. 1990 жылы "Тағдыр" романы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлық алды.
2021 жылы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасына қараған шағында ауруханада қайтыс болды.
"Поэзияның бір құдыреттілігі – көктемде бүршік пен жапырақтың арасындағы бір сезім, құбылысты көре білу. Қарапайым адамдар байқамай өтіп кететін дүниені көре білу. Тауды көресің, бірақ таудың ішінде құпия сырын білу. Ақындық деген ерекше құбылыс, тәңірдің берген сыйы", - деп бағалаған ақын Сариев.
Шөмішбай Сариевтің алғашқы жыр жинағы 1974 жылы "Балдәурен" деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықққан.
Ақын сөзін жазған бірқатар ән қазақ эстрадасында шырқалып, көпшілік көңілінен шықты. Қанша жыл өтсе де, құнын жоғалтпай келе жатқаны қаншама. Соның бірі – әнші Роза Рымбаеваның орындауындағы "Атамекен" әні.
Кең далам, толғанайын, толғайын,
Домбырам, қолға алайын, жырлайын.
Қазағымның даласындай,
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені, Атамекен-ай!
деп басталатын өлең жолдары әр қазақтың жүрегінен ерекше орын алары сөзсіз.
Шөмішбай Сариев шығармашылық жолында 2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, 2004 жылы "Тарлан" сыйлығының иегері атанды.
Сәуірде ақын, жазушы Есенғали Раушановтың қазасы қалың қазақтың қабырғасын қайыстырды. Жастар мен жолдастары арасында ерекше құрмет иесі 64 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Есенғали Раушановтың көпшілікке жайылған өлеңінің бірі – "Қарабауыр қасқалдақ" өлеңі. Бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының символындай болған өлең.
Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.
Қарабауыр қасқалдақ, қасқалдағым, кері қайт,
Сиреп кеткен тоғайға қамықпа деп көңіл айт!
Ұя қалса иесіз, айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды,
деген өлең жолдары әр қазақтың тарихын ұмытпауға жетелейді.
Ал ақынның өзі "Қарабауыр қасқалдақ" өлеңінің жазылуын перзенттік парыз деп атаған.
Есенғали Раушанов 2005 жылы "Құрмет" ордені, 2017 жылы "Парасат" орденімен марапатталған.
2006 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Қазақ журналистикасының қос майталманы өмірден өтті
Ақпанда белгілі журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол қазақ телевизиясында 45 жыл еңбек еткен. Тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы секілді қызметтер атқарды.
Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.
"Нағыз журналистика ұлттық санаға әсер етуге тиісті. Ол ұлттық сананы не биікке көтереді, журналист әлсіз болса, оны құлдыратады", - деген Иманғалиұлы.
Нұртілеу Иманғалиұлы Ақсу ауданының құрметті азаматы. 2010 жылы Елбасы жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
Белгілі журналист Амангелді Сейітханның қазасы да ауыр тиді. Спорт комментаторы екі апта ауруханада жатып, коронавирустан қайтыс болды.
Амангелді Сейітхан 1991-1994 жылдары "Спорт" газетінде жұмыс істеді. 1994 жылдан бастап "Қазақстан" телерадио корпорациясында "Тұғыр" бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары болды.
"Дариға Назарбаева арнаға басшылық етіп тұрған кезде әлем біріншілігін қазақ тілінде жүргізуді ұсынды. Сол жобаны ұсынғандар мұны құптамаса керек, бір күні басшы мені шақырды. Үлкен кабинет, босағадан кіргеннен Дариға Нұрсұлтанқызы "Амангелді, футболды қазақша жүргізуге бола ма? " деп сұрады. Мен "әрине" деп жауап бердім. Қасындағылардың бәрі мырс-мырс күлді. Ол кісі де езу тартты. "Мысалы, осыны біреуге тапсырар болсақ, алып шыға ала ма?" деп сұрады. "Әрине" дедім. "Сен ше? " деді. "Мен де" дедім.
"Тапсырсақ, алып шығасың ба?" деп нақты ұсыныс айтты. Мен "жарайды" дедім. Сол кезде ол кісі өз шешімін айтты. Әлем чемпионатының бір тілі қазақ тілі болады, не мұның маған көк тиынға қажеті жоқ деді", - деп еске алған еді Амангелді Сейітхан футболдың қазақ тілінде көрерменге жол тартуы жайлы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амангелді Сейітханның дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туыстарына көңіл айтып, журналистің қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқанын айтты.
Есімі Елтаңбаға жазылған тұлға
2021 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов 88 жасында дүниеден өтті.
1992 жылы мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобын құру туралы қаулы қабылданып, арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Оның құрамына белгілі заңгерлер мен қоғам қайраткерлері кірген. Содан кейін елтаңба, ту, әнұран жобасын жасауға конкурс жарияланды.
Елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 кескіндемесі ұсынылды. Елтаңба жобасы конкурсында сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың еңбегі үздік деп танылып, қазіргі нұсқа бекітілді.
Шот-Аман Уәлиханов елорда төріндегі Кенесары Қасымұлы, Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы, Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың, ШҚО-дағы хакім Абай мен Шәкәрімнің, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова, Əліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаев, Нұрмолда Алдабергенов, Талғат Бигелдинов, Жұмағали Саин, Тайыр Жароков, Тахауи Ахтанов, Əбу Сəрсенбаев, Дінмұхамед Қонаев, Тілес Қажығалиев, Құрманай Омарова, Нұрғали Тасмағамбетов, Шафик Чокинге арналған туындылардың авторы.
Көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат", "Отан", "Даңқ" орденінің иегері, Тəуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы).
Шот-Аман Уәлиханов сәулет өнерімен қатар бірқатар драмалық шығарма жазды. Олардың қатарында "Тағдыр", "Шоқанның анты", "Ақнұр", "Шоқанның ақ түндері", "Террор" атты пьесасы бар.
Қазақстанның бұрынғы мас мүфтиі дүниеден өтті
Биыл белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым, Қазақстанның бұрынғы мас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі 74 жасында дүниеден өтті.
Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі 2000 және 2005 жылдары Қазақстан мұсылмандарының III және IV Кұрылтай жиынында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып тағайындалды.
2007 жылы Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы болды.
Әбсаттар қажы Дербісәлі – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы. Әл-Фарабиді зерттеген ғалым. Әбсаттар Бағысбайұлының әл-Фараби еңбектерімен танысуы жайлы да қызық естелігі бар.
"Әрбір нәрсенің бастауы болады, менің де ғылыми өмір жолым ұлы даланың кемеңгер дара перзенті Әбу Насыр әл-Фарабимен, оның өмірбаянымен, шығармашылығымен танысуымның да тарихы бар. 1970 жылдары болып еді, мен жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Мәскеудегі Шығыстану институтына аспирантураға жіберілдім. Бұл өте бір дара, өзінше бөлек, үлкен тарихы бар оқу орны. Оқуға түскен соң бір күні мені институт директоры шақырып жатыр деген хабар келді. Барсам, "Алматы қаласынан Ақжан Машанов пен Ауданбек Көбесов деген екі ғалым әл-Фараби туралы кітап жазыпты. Кітап қазақ тілінде екен, сен маған сол туралы реферат жазып бересің бе?" деп айтты", - деген еді Әбсаттар қажы Дербісәлі ғылымға келуі жайлы сұхбатында.
Осылайша, жиырмадан енді асқан жігіт Мәскеуде жүріп, алғаш рет әл-Фарабимен танысқан. Институт директорына бір ай ішінде екі кітапты оқып, орыс тілінде қысқаша мазмұнын жазып берген. Оқу орнының басшысы да бұл еңбегін бағалап, оқуды аяқтаған соң Мароккоға оқуға жіберген.
Араб әдебиеті маманы болғандықтан Әбсаттар Бағысбайұлы Алматыға оралған соң қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті филология факультетінде алғаш рет араб тілі бөлімін ашқан. Бұл кезде Әбсаттар Дербісәлі шамамен 25 жаста болған.
1989 жылы ҚазҰУ-да араб тілі бөлімі негізінде Шығыстану факультетін ашқан. Бұл факультет қазірге дейін жұмыс істеп келеді.
"1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алды, әлемнің түрлі елінің елшіліктері ашыла бастады. Сол мен дайындаған шәкірттің көпшілігі дипломатиялық қызметке тартылды", - деген сұхбатында.
Әбсаттар Дербісәлі бір кездері Киров атында болған ұлттық университеттің әл-Фараби атымен аталуына да елеулі үлес қосқан. 1991 жылы университет ректоры болған Көпжасар Нәрібаевқа "Кировты зерттеп қарасам, ол кісінің Қазақстанның тарихына қатысы шамалы. Біздің қазақ жерінен шыққан әлем мақтанышы, Отырардың тумасы, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің атын берсек қайтеді", деп ұсыныс айтқан. Дәл сол жылы оқу орнына әл-Фарабидың аты берілді.
Қазақтың "Тақиялы періштесі" дүниеден өтті
Қаңтарда қазақ фильмінің алтын қорынан елеулі орын алған "Тақиялы періште" фильмінде Тайлақтың рөлін сомадаған Әлімғазы Райымбеков 85 жасында дүниеден өтті.
1968 жылы "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдады. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен таныла бастады. Фильмнің режиссері – Шәкен Айманов.
"Ән қанатында" бір эпизод бар. Кинода қыз жылайды, мен барып жұбатамын. Соны Шәкен аға көрген. Содан кейін ол кісі мені "Тақиялы періштеге" шақырған. Әлі күнге түсінбеймін, сол ғана ойыма келеді. Мен актер емеспін. Қалай шақырды? Неге шақырды? Сол жағын әлі күнге дейін түсінбеймін", - деген еді Райымбеков сұхбатында.
Саналы ғұмырында барлығы 12 кинофильмге түскен ол Алматы облысының құрметті азаматы, 2016 жылы мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Театр және кино саласы қара жамылды
19 сәуірде 73 жасында танымал театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды.
Ғазиза Әбдінәбиева 1969-1993 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып қызмет атқарған.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы болып сахнада түрлі образдарымен елді тамсантқан еді.
1994 жылдан бері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік мамандығынан дәріс оқыды.
21 мамырда актер әрі продюсер Фархат Әбдірайымов 55 жасында Грузияда "Больше, чем любовь" фильмінің түсірілімі кезінде қайтыс болды. Оның қазасына инфаркт себеп болған.
Фархат Әбдірайымовтың кинодағы дебюті 1996 жылы "Кімнің жаны нәзік болса" Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген фильмдегі рөлі болды. Осы рөлі үшін ол "1996 жылдың үздік актері" ретінде Ресейдің кино басылымының сыйлығын алды.
1999 жылы Әбдірайымов "Фара" фильмінде басты рөлді сомдап, Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде үздік ер адам рөлі үшін жүлдеге ие болды.
2000 жылы "Алтын адам" байқауында әртіс "Жыл киножұлдызы" атанды. 2003 жылы Қазақстан президентінің құрмет грамотасымен марапатталған ол Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі болды.
Актер Грузияға "Больше, чем любовь" фильмінің түсіріліміне қайтыс боларынан 3 күн бұрын барған. Фильмнің Ұлы отан соғысы жайлы, соғыстан кейінгі жылдар жайлы екені белгілі.
Қазақ ән өнері үшін ауыр қаза
Сәуірдің аяғында Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші-композитор, қазақтың біртуар талантты ұлы Ескендір Хасанғалиев 81 жасында дүниеден өтті.
Ескендір Хасанғалиев алғашқы "Анаға сәлем" әнін 1961 жылы шығарды. Ән бірден халық арасында кең таралып, композитор ретінде осы әнмен танымал болды. Туынды 60 жылдан бері көпшілік көңілінен орын алып келе жатыр.
Кейіннен "Асыл арман", "Әдемі-ау", "Сағындым сені", "Бозторғайым" секілді танымал әндер жазылды. 50 жылдан астам уақытта 200-ге жуық ән, романс, хорға арналған шығармалар, фильм мен музыкалық қойылымдарға әуен жазды.
Бәкір Тәжібаевтің сөзіне жазылған "Әдемі-ау" әнін 70-ші жылдары Қарағандыдағы концерттердің бірінде кездейсоқ көріп қалған қызға арнаған. Төрт жылдан кейін ол қызды Алматыда тағы бір кездестіріп, кейін сол қызбен отбасын құрады.
Ескендір Хасанғалиев сұхбаттарында әнінің барлығын жары Дарико Хасанғалиеваға арнағанын айтады. Оның қатарында "Гүл сезім", "Есіңе ал", "Ескірмеген махаббат" әндері бар.
Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған патриоттық "Атамекен" әні 1970 жылы Қазақ ССР-дің 50 жылдық мерейтойына арналып жазылды.
2020 жылы 80 жылдығы қарсаңында композитор Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берді. Өнер адамы ата-анасы, өнерге қалай келгені, көпшілікке белгілі "Атамекен" әнінің шығуы туралы айтып берді.
"Атамекен" – шетелде жүрген өнер адамының ауылға, Алматыға деген сағынышынан туған ән".
"Концерттік сапарларға жиі шығып тұрушы едік. 1970 жылы 30 жасымда Швецияға іс-сапармен бардым. Жанымдағының бәрі – өнер қайраткері. Ең жасы менмін. Нұрғали Нүсіпжанов менен 3 жасқа үлкен. Ермек Серкебаев, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Абдуллиндер бар. Бұл қазақ әншілерінің алғашқы делегациясы екен. Стокгольм қаласында концертке дайындалып жүргенімде ауылымды сағынып, Алматымды сағынып, біртүрлі сезімде болдым. Содан кішкене мұңдылау бір әуен туды. Бір жағынан патриоттық әсері бар сияқты. Ол әнді Алматыдан жолға шығарда жазғанмын. Соны Стокгольмде пысықтап, бітіріп, бірінші концертте Нүсіпжанов екеуіміз дуэт болып орындадық. Ол "Атамекен" әні болатын. Сөзі - Қадыр Мырза Әлінікі", - деді Хасанғалиев.
Мемлекеттік қызметте тер төккендер
15 қарашада белгілі қазақстандық қаржыгер Дәулет Сембаев 87 жасына қараған шағында қайтыс болды.
Дәулет Сембаев 1991-1993 жылдары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және бірінші орынбасары болды.
1993-1996 жылдары Ұлттық банкті басқарды. 1996-1997 жылдары Сенат депутаты болды.
Әр жылдары Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығын басқарды, 2005 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің құрметті төрағасы болды.
Дәулет Сембаев Қазақстанда ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына кірді, Ұлттық Банкті басқарған жылдары ұлттық валюта – теңгені енгізді.
11 қарашада Қазақ КСР ағарту министрі болған, отандық білім беру ісінің корифейі Қажахмет Балахметов 95 жасында өмірден өтті.
Қажахмет Балахметов білім беру саласын 1974-1987 жылдары 13 жылдан астам басқарған. Балахметов министр болған жылдары мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша түбегейлі шешімдер қабылданды. Сонымен қатар мектептер мен балабақшалар, оқу орындарының құрылысы қарқынды жүргізілді. Білім беру мәселелеріне арналған 70-тен аса еңбегі жарық көрген.
Әр жылдары туризм және спорт министрі, Астана қаласының әкімі, мәжіліс депутаты, президенттің іс басқарушысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы қызметтерін атқарған Темірхан Досмұхамбетов 73 жасқа қараған шағында бірінші қарашада дүниеден өтті.
Темірхан Досмұхамбетов ІІ дәрежелі "Барыс" орденінің, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының, Халықтар достығы орденінің иегері.
Қазақ ғылымы ауыр қайғыға ұшырады
Филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек қайтыс болды.
Әлімхан Жүнісбек қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына еңбек сіңірген ғалым.
Ол түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш мәселесі, қазақ тіліндегі сингармонизм заңы, қазақ тілінің артикуляциялық базасы құрамындағы артикуляциялық үлгілер, қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі, латын әліпбиіне көшу мәселелері, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысқан.
7 желтоқсанда тарих ғылымдарының докторы, 1929-31 жылдардағы кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы Қазақстанда болған ұлт-азаттық қозғалыстары, 1931-1933 жылдардағы аштық зардаптарын алғаш рет терең зерттеген профессор Талас Омарбеков 73 жасында дүниеден өтті.
Талас Омарбековтің қазақ тарихының өзекті мәселелеріне арналған 7 монографиясы мен кітаптары, 200-ден астам ғылыми еңбектері қалды.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы ғалым, сыншы, академик Серік Қирабаев 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Серік Смайылұлы Қирабаев 1958 жылдан Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында 30 жыл бойы доцент, профессор, филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, институт ректорының оқу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарды.
Серік Қирабаев қазақ әдебиетінің өзекті мәселеріне арналған сын мақалалары мен рецензиялары 1948 жылдан бастап жарық көрген. Содан бері 800-ден астам әдеби сын, ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрді.
1957 жылы Спандияр Көбеевтің жазушылық жолы жайында кандидаттық диссертация қорғады, 1964 жылы "Сәкен Сейфуллин" монографиясы негізінде докторлық диссертация қорғады. 1994 жылы "Жүсіпбек Аймауытов" атты кітабы ҚР ҰҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.
Серік Қирабаев Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Қос режиссердің қазасы
29 қыркүйекте қазақстандық белгілі театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев 69 жасында дүние салды.
Наурызда режиссердің туыстары оның Германияның Мюнхен қаласындағы клиникада ауыр жағдайда жатқанын хабарлап, еміне қаржы жинаған еді.
Болат Атабаев Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Ақсарай" театрының көркемдік жетекшісі, республикалық неміс театрының, Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының режиссері болды.
Режиссер соңғы сұхбаттарының бірінде қазіргі театр қандай болуы керек екенін айтты.
"...Біз сюжетті ойнауды қоюымыз керек. Біз сюжет ойнап жүрміз. Махаббат ойнаймыз. Махаббат ойналмайды. Махаббат ол – нәтиже. Ғашықтықты ойнауға болады. Қазақстанда жалпы театрдың жағдайы қиын. Жалған сөз. Сахнаға қарасаң, органикасы мықты әртістер кетіп жатыр. Ғазиза (Әбдінәбиева – Sputnik) кетіп қалды. Шынайы актриса еді. Ондай әртістер қазір аз. Бізде қазір әртіс екені көрініп тұратындар жүр. Егер тірі адамды көре алмасам, оның әртіс екені не үшін керек? Қазір сахнада процесс жоқ", - деген Атабаев.
Болат Атабаев 40-тан астам спектакльді сахналап, қазақ және орыс тілдерінде бірнеше пьеса жазды.
9 шілдеде қазақ киносының мэтрі, танымал режиссер, кинодраматург Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды.
Сатыбалды Нарымбетов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жорж Садуль атындағы сыйлығының және тәуелсіз "Тарлан" жүлдесінің иегері.
Сатыбалды Нарымбетов 1974 жылы қысқаметражды "Очарование" фильмін түсірген соң, бірнеше жылдан кейін "Балалық шағымның Дон Кихоты" алғашқы толықметражды фильмін жарыққа шығарады.
Режиссердің "Жас аккордеоншының өмірбаяны" туындысы қазақ киносының алтын қорына енген. Фильм Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ие болған, көптеген халықаралық фестивальдің жүлдегері.
"Құрманғазы" атты деректі фильмнің (1972 жылы), "Зауал" (1981 жылы), "Күзгі бұралаң жол" (1984 жылы) қысқа метражды фильмі, "Ұрын келген күйеу" (1987 жылы), "Созақтан шыққан Гамлет" (1990 жылы), "Көзімнің қарасы", "Жас аккордеоншының өмірбаяны", "Омпа" (1998 жылы) және тағы басқа көркем фильмдердің режиссері.
Сатыбалды Нарымбетов 1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Құрмет ордені" берілді.
2005 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.

Sputnik.