Рәбиға Сыздықова, ғалым: Қазақ мектептерінің санын көбейтуіміз керек!

Рәбиға Сыздықова, ғалым: Қазақ мектептерінің санын көбейтуіміз керек!

Белгілі ғалым Рәбиға Сыздықова таяуда басылымдарға берген сұқбатында тіл тазалығына қатысты көптеген мәселелерді тілге тиек етті. «Қазақ халқының сақталуы тілінің сақталуына байланысты» дейді Рәбиға Сыздықова.
«Менің ойымша, балабақшада, бастауыш мектепте ағылшын тілін мүлде оқытпау керек. Латын жазуына негізделген қазақ сөздерін сауатты жазып, оқып дағдылана қоймаған балаға ағылшын тілін үйретуге болмайды. Тілдік санада ағылшын тілінің әріптері сақталып қалған балалар кейін қазақ тілін үйренген кезде ол таңбаның басқаша дыбысталатынын қабылдай алмай, шатастыратын болады.
Бала бастауыш мектепте қазақ тілі бойынша сауатты жазып, әбден дағдыланған соң ғана шет тілдерді үйретуге болады. Мектеп табалдырығын аттаған бала ана тілінде ғана сөйлеуі керек. Бала бастауышта орыс тілінде де емес, ағылшын тілінде де емес, тек қана ана тілінде оқуы керек.
Үш тілді бірден оқытқанда баланың ана тілі болмайды.
Ана тілі болмаған адамнан ешқандай ақын да, жазушы да, суретші де шықпайды. Ғалым шығар, маман шығар, тіпті атақты адам да шығар. Бірақ онда ешқандай мәдени азық болмайды. Ағылшын тілінде тамаша жазсын, орыс тілінде өлең шығарсын, бірақ ол – ана тілі емес. Сондықтан Үкімет, басшылар, оқу-ағарту саласындағылар қазақ мектебін қолға алып, қамқорлық көрсетуі керек. Қазақ мектебін көбейту керек. Бала ана тілін бастауыш мектептен меңгеріп, кейін басқа тілді қосу керек.
Айналасын ана тілінде танып, әр заттың қазақша атауын білген соң ғана оның орысшасын, ағылшыншасын үйренуі оңай. Қазақ халқының сақталуы тілінің сақталуына байланысты. Жаһандану заманында ана тіліміздің болашағына, тазалығына ерекше мән беруіміз қажет».

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста