Асқар Жұмаділдаев: Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруымыз керек!

Асқар Жұмаділдаев: Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруымыз керек!

Қазақстан ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев SZH.KZ порталына берген сұқбатында қазіргі білім, ғылым саласына қатысты ойларымен бөліскен еді. Біз оқырман назарына белгілі ғалымның нақты білім жүйесіне, ҰБТ-ға, қазақ тілінің мәртебесіне қатысты айтқан ойларынын үзінді беруді жөн көрдік. Математик ғалымның тың ұсыныстары да жоқ емес.
Біздің білім беру жүйесінде маған ұнамайтын нәрсе көп. Бірақ маған ұнамайды екен деп оның бәрін өзгертуге болмайды. Біріншіден, оқулықтардың бәрі дұрыс емес. Екіншіден, біз далақбайлық әдіске көп бой алдыртып алдық. Шетелге еліктейміз дедік-дағы, өзіміздің мықтыларымыздан айырылып бара жатқан сияқтымыз. Мысалы, Кеңес одағы кезінде Қазақстанда математика, физика, химия сияқты жаратылыстану ғылымдары жақсы дамыған еді. Оның әдістемесі жақсы қалыптасқан. Осы уақытқа дейін балаларымыз ылғи олимпиададан, байқаудан озып жатқанының бірден-бір себебі – біздің осы инерциямызда.
Кеңес одағы кезінде білім алған мұғалімдер бар, оқулықтар бар. Қазір көп жерде былай қылады: жеке меншіктерде «Біз кеңес кітаптарымен оқытамыз» деп жазып қояды. Ашық айтпауы да мүмкін. Бірақ, сұрасаң айтады. Тексеру келе қалса, мінекей деп оқу бағдарламасына сай жаңа кітаптарды көрсете салады.
ҰБТ-ның екіге бөлінуі немесе неге билікте «үшке» оқығандар жүр
Осының алдындағы ҰБТ-да жұртың бәрі шулады. «Балалардың психологиясын бұзды», бүйтті-сөйтті деді. Бауырлар, емтихан міндетті түрде адамның жүйкесін тоздыртады. Ол ойыншық емес. Бұл бір. Екіншіден, адам өмірінде бір рет болса да міндетті түрде емтихан тапсыруы керек. Сізге ұнай ма-ұнамай ма оны ешкім сұрамайды.
Сосын «Кеңес одағындағы ауызша, жазбаша емтиханға көшейік» деді. Көштік. Оның да үлкен кемшілігі бар. Жемқорлық. Адам араласқан жердің бәрі жемқорлыққа келіп тіреледі. Ол – белгілі нәрсе. Бұл қазақтың ерекшелігі емес, ол биологияның заңдылығы. Сондықтан, лажы болса, адамды бұндай жерге араластырмау керек. Мінекей, оның басқа түрі осы – тест.
Оны да жақсы деп айта алмаймын. Ол білім деңгейін тексермейді. Ребус сияқты. Ал сіз медальға бітірген екенсіз, не болыпты? Не істеп жүрсіз, мысалы? Байқап қарасаңыз, бірқатар мемлекетті «үшке» оқығандар басқарып отыр. Неге? Өйткені олар білім білмегенімен, энергиясы бар, адаммен араласауы, «сіз-бізі» жақсы. Ал, үздік оқушы болса, білімі болғанымен адамдармен сөйлесе алмайды… Бәрі «екі жерде екімен» шешіле бермейді ғой. Сондықтан, еңірей беруді қою керек.
Бұндай жерде менің айтатын өсиетім: заңда бар ма, бітті, істеуге міндеттісің! Эмоцияңды қалтаңа салып қой, үйіңе барғанда кемпіріңе айтасың (күліп).
Айтпақшы, ауылдың баласы, қаланың баласы, шетелде оқыған дегендерде қатты айырмашылық жоқ. Мен сізге айтайын. Адам оқимын, білім аламын десе, кез келген жерде білімін арттыра алады. Шетелдің жақсылығы неде? Оларда аудиториялары, кітапxанасы, жатақxанасы жақсы, лабораториясы бай. Бірақ оның бәрі темір-терсек қой. Ал мен сияқты математиктер үшін ешқандай айырмашылығы жоқ.
Жолдауға пікір немесе 10-11 сыныпта ағылшын тіліне көшу туралы ой
Биылғы жолдауда 2018 жылдан бастап 10-11 сыныптарды ағылшын тілінде оқытуға көшеміз делінді. Негізінде ағылшын тілі керек. Көшу керек. Алайда, қалаған адам ағылшын тілінде оқиды, қаламаған – оқымайды десе, келісемін. Ал олай емес, жұрттың бәрі көшеді десе, қарсымын. Өйтсе адамның құқығы бұзылады. Өз тілінде сөйлеу – Алланың берген құқығы. Екіншіден, біз Қазақстандамыз. Біздің тіліміз ешбір заңға қарамастан, алшаң басып жүруі керек. Үшіншіден, үш тілділік деген ешбір елде жоқ. Мысалы, Малайзияда екі тіл: малай және ағылшын. Ағылшын олар үшін біздегі орыс тілі сияқты. Үндістанда да солай. Біздің орыс тіліміз бар ғой онсыз да. Аз ба? Онда төртінші тілді де қосып алайық. Елдің бәрінен ерекше боламыз. Міне, тегін идея (күліп).
Қазақтың сөзі асыра мақтауға да, жермен-жексен етуге де жетеді. Бірақ конденсат пен резисторға келгенде, бүгелектеп қала береміз. Біздің үлкен мәселеміз осында. Қазақтың тілі бай дегенді көп айтамыз. Ол бай, бірақ керек емес сөздерге бай. Мысалы, бір ағамыз “Жылқының 3400 атауы бар” деп диссертация қорғады. Ағылшында бір ғана атауы бар – Horse. Сонымен жылқының жасын да, түрін де, түсін де атай береді. Сол сөздерімен-ақ әлемде алға шығып кетті. Ал жылқының 3400 атауымен біз әлі жүрміз. Біз енді ғылым жағына көбірек көңіл бөлуіміз керек. Жоқ сөзді, жоқ ғылымды, жоқ технологияны өзіміз табуымыз керек. Қазақ тілін ғылымға араластыру керекпіз.
Қазақтың сөзі асыра мақтауға да, жермен-жексен етуге де жетеді. Бірақ конденсат пен резисторға келгенде, бүгелектеп қала береміз. Біздің үлкен мәселеміз осында. Қазақтың тілі бай дегенді көп айтамыз. Ол бай, бірақ керек емес сөздерге бай. Мысалы, бір ағамыз “Жылқының 3400 атауы бар” деп диссертация қорғады. Ағылшында бір ғана атауы бар – Horse. Сонымен жылқының жасын да, түрін де, түсін де атай береді. Сол сөздерімен-ақ әлемде алға шығып кетті. Ал жылқының 3400 атауымен біз әлі жүрміз. Біз енді ғылым жағына көбірек көңіл бөлуіміз керек. Жоқ сөзді, жоқ ғылымды, жоқ технологияны өзіміз табуымыз керек. Қазақ тілін ғылымға араластыру керекпіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста