Украинадағы әскери қақтығыстар соғыс деп мойындалса не болады?

Украинадағы әскери қақтығыстар соғыс деп мойындалса не болады?

Кеше Батыс пен АҚШ-тың беделді саясаткерлері Украинада жүріп жатқан әскери қақтығыстарды соғыс деп мойындап, бұл ойларын әлеуметтік желідегі жеке парақшалары арқылы таратты. «Алаш айнасы» басылымы осыған дейін Украинаның әр өңірінде оқ атқандар мен бомба жарғандардың атын атап, түсін түстеп бере алмаған халықаралық қауымдастықтың бүгін оны соғыс деп тануы нені білдіреді деген сауалға мамандар арқылы жауап іздеп көрмекші...
Украинада Майдан басталғалы бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарының назары осы елде болды. Бұл жақтан әрқилы ақпараттар тарап жатты. Бірақ оның ішінде соғыс деген сөз болмады. Мұнда оқ атып, бомба жарғандарды пиғылы алабөтен лаңкестер, сепаратистер, жалдамалылар, нацистер, бандершілер деп келді. Сөйтіп, елдің ішіне іріткі салушылар артында тұрған кімдер екендігі ашық айтылмады. Бір анығы, оны ашып айтуға осы күнге дейін «үлкен адамдардың» батылы жетпеді немесе бұл оларға тиімді болды. Алайда кеше осы жағдай күрт өзгеріске ұшырады. Жер шарының түкпір-түкпірінен «Украинада соғыс боп жатыр» деген мәліметтер келіп түсе бастады...
«Бүгінгі күнді, яғни 27 тамызды есте сақтаңыздар. Бүгін Ресей Украина территориясына ашықтан-ашық басып кірді. Ресей Қырым сценарийін Донецк пен Луганск облыстарына қатысты қайталап жатыр» – деп жазады өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында Еуропалық комиссияның Киевтегі өкілі, чех дипломаты Давид Стулик.
«Қазір біз Украинаның шығысында Украина әскері мен Ресейдің әскері арасындағы қақтығыстың куәсі болып отырмыз. Бұған анықтама бар» – деп жазады Твиттер желісінде Швеция сыртқы істер министрі Карл Бильдт.
Алдында АҚШ-тың мемлекеттік депаратаментінің ресми өкілі Джен Псаки өздерінің қолындағы бар мәлімет бойынша, ресейлік әскер Украинаның шығысында ашықтан-ашық соғысуға көшіп жатыр деп мәлімдеген.
«АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Украина шығысында Ресейдің ресми әскері белсенділік танытқанын растады. Джен Псаки Ресей Украинадағы әскери қимылы туралы шындықты айтпай отыр, тіпті өз сарбаздары мен отбасына да деп мәлімдеді» – деп жазады украин журналисі Мирослава Гонгадзе өзінің ғаламтордағы жеке парақшасында.
Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының орынбасары Виктория Сюмар енді Ресейдің Украинаға қарсы ашық соғыс бастағанын ешкім жоққа шығара алмайды деп сенеді.
«Біз ұзақ уақыт бойына «соғыс» деген сөзден қашып келдік. Ресей біздің жерімізге жалдамаларын жібергенде де, соңғы айларда «қайырымдылық жүк көлігі» туралы талқылаулармен ел назарын бұрып, көп әскери техника әкеп жатқанында да, бірнеше күн бұрын оңтүстік шекарамызды бұзып, кеше Амвросиевканы алғанда да. Бүгін ресейлік әскер Новоазовскіге енгенде ақыры батыс саясаткерлері мен журналистері «Украинаға қарсы Ресей соғысы» дегенді айтты. Ендігі нысанада әскери техника жеткізіліп қойылған Мариуполь тұр. Сол секілді Запорожскінің бір бөлігі мен Херсон облыстары да көзделген. Өйткені Қырымға тікелей шығатын жол керек. РФ ол үшін үлкен құрбандықтарға баруға дайын. Бұл айқын жағдай, бірақ ресми түрде оны айтуға ешкімнің батылы жетпей отыр. Иловайскі де қоршауда тұр. Енді «соғыс» деген сөзді айтпау мүмкін емес. Ал соғысқа қанша жерден жылдам өткізуге барынша тырысса-дағы сайлау көмектесе алмайды. Енді әскери жағдайдан қашып құтыла алмаймыз. Елдегі бүкіл еркек атаулыны жұмылдырмайынша, орыс әскеріне қарсы тұру мүмкін емес. Мұны мойындаудың өзі қиын, бірақ бізге қазір адекватты іс-қимыл керек. Қазіргі іс-қимылымыз әдемі берілген ақпараттан да маңызды. Өйткені еліміздің жүздеген, мыңдаған адамының тағдыры мен өмірі қыл үстінде тұр» – деп жазады Фейсбуктегі парақшасында Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының орынбасары.
Жалпы, осыған дейін Украинаның әр өңірінде оқ атқандар мен бомба жарғандардың атын атап, түсін түстеп бере алмаған халықаралық қауымдастықтың бүгін оны соғыс деп тануы нені білдіреді?
Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
– Украинада болып жатқанды әскери компания деп атайды. 1962 жылы Кубадағыдай, 1953-56 жылдарғы Кореядағыдай немесе 90-жылдардан бері қарайғы Преднестровьедегідей, Грузиядағыдай. Демек, Украинада боп жатқан әскери шиеленіс – үлкен қақтығыстың бір бөлшегі. Бұл – Путиннің Мюнхенде Батысқа доқ көрсеткенінен басталған жайт. Украина – тек шайқас алаңы. Әрине, «соғыс» деген сөздің айтылуы тараптардың ымыраға келе алмағанын, жағдайдың одан әрмен ушығып жатқанын білдіреді. Осы жағынан алғанда, Ресейге қарсы бағытталатын кезекті санкцияның айналымға енгізілетін уақыты таяп қалған сияқты. Мұндайда Ресей қиын жағдайға түседі. Демек, әскери шиеленісті үдетуде Ресей бұл құрбандыққа дайын екенін Батысқа байқатып отыр. Бұл ретте бізге өте сақ болу керек. Әсіресе, санкцияның Қазақстанға бағытталмауына мүдделі болуымыз тиіс. Шетел Ресейге қару-жараққа қажетті технологиялар мен материалдарды шектеді. Ал біз осы салада Ресейге қол созып жатырмыз. Міне, осы арада қауіп бар. Жалпы, санкция бір рет мойынға бұғау боп түссе, одан құтылу өте қиын, өйткені тәжірибе бойынша санкция аясы кеңеймесе еш тарылмайды.
Дос Көшім, саясаттанушы:
– Екі ел соғысып жатқанда ешкім сырттан оған араласуға құқы жоқ. Ал егер ол әділетсіз болса, онда таяқ жеуші тарапқа барша көмектеседі. Осы жағынан алғанда, Еуропалық одақ пен АҚШ Ресейге қарсы санкция жарияланған күнде-ақ оны соғыс деп, онда да әділетсіз екенін мойындап қойған. Қалай дегенмен де соңғы оқиғалар Украинадағы жағдайдың ушығып бара жатқанын байқатады. Демек, халықаралық қауымдастық Ресейді әлі де тоқпақтай түседі.
Кеңес Сманов, саясаттанушы:
– Бүгінге дейін соғыс деп айтпай келген себебі қазір ешкім әскери қақтығысты қаламайды. Бүгінгі күннің шайқасу құралдары – санкция және тағы басқа экономикалық, қаржылық ықпал тетіктері. Онымен кез келгенді тізерлетуге болады. Мұны Иран мысалынан байқауға болады. Жалпы, «соғыс» деушілер – санкция күшіне сенбегендер, дәл қазір Ресейді тоқтатпасақ, бұл Батыстың басына туатын күн деп ойлап, қорқақтайтындар. Меніңше, жағдай бәз-баяғыша жалғаса береді. Украинаға ашықтан-ашық ешкім әскери көмек бермейді. Бірақ санкция құрамы өте қатаң шаралармен толығуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста