"Украина әскерлері қаруларын тастағанда ғана Ресей келіссөздерге дайын болады" - РФ СІМ

"Украина әскерлері қаруларын тастағанда ғана Ресей келіссөздерге дайын болады" - РФ СІМ

РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Украина қарулы күштерін толық тізе бүктіргеннен кейін ғана елдегі жағдай келіссөздерге қайта оралатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"Біз үшін қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешудің қажеттігі туындаған жоқ. Сондықтан, әрине, қандай да бір демократиялық тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған, геноцид, неонацизм мен милитаризм элементтерінсіз кез келген қарулы операциялардың соңы келіссөздерге қайта оралады және Президент (Ресей - ред.) Путин мен оның сөздеріне тағы да назар аудартқым келеді, біз Украинаны милитаризм мен неонацизмнен азат етуді сондай-ақ бұл елде тұратын барлық халықтарға сыртқы қысымсыз өз болашағын өздері таңдауға мүмкіндік бергіміз келеді", - деді Лавров баспасөз мәслихатында.

 

Лавровтың айтуынша, екі мемлекет келіссөздерге отыру үшін Украин әскерлері қаруларын тастауы қажет.

 

"Біз келіссөздерге дайынбыз. Ол үшін Украина қарулы күштері президентіміздің үндеуіне құлақ асып, қарсылық көрсетуді тоқтатып, қаруларын тастауы керек. Оларға ешкім шабуыл жасауға, қысым көрсетуге тырыспайды, отбасыларына оралсын. Ал украин халқына барлығымыз бірге өз тағдырын өзі анықтауға мүмкіндік берейік", - деді Лавров журналистерге.

 

Бұған дейін Зеленский Путинге келіссөз үстеліне отыруды ұсынған еді.

 

"Мен Ресей Федерациясының президентіне кезекті рет ұсыныс білдіргім келеді. Бүкіл Украина жерінде соғыс болып жатыр. Жазықсық жандардың қазасын тоқтату үшін келіссөздер үстеліне отырайық", - деген ол.

 

Украинадағы жағдай

 

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

 

"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

 

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

 

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста