София Ротару неге көрінбей кетті?

 София Ротару неге көрінбей кетті?

КСРО халық әртісі, Украинаның алтын дауысы София Ротару телеарналардан көрінбей кетті. Әнші өткен жылдың соңында туған еліндегі саяси дағдарысқа байланысты концерттік қызметін уақытша доғарды, ал Қырым Ресейге қосылғаннан кейін ол Ресей азаматтығын алудан бас тартты. Сөйтіп, әйгілі әншінің орыс елімен байланысы үзілді, - деп жазады «Алаш айнасы» басылымы ресейлік ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Әншінің 7 тамыз күнгі туған күнін бұл жолы ресейлік телеарналар атап өтпеді де.
София Ротару 67 жасқа толды. Gigamir.net порталына сұхбат берген әншінің ұлы Руслан Евдокименко Ротарудың өз туған күнін Испанияда, келіні мен баласының, немерелерінің ортасында атап өтетінін хабарлаған болатын. Өзінің тынымсыз еңбек жолында ол тағдырдың небір соққысын көрді, денсаулығына талай нұқсан келді, саяси қысымды да бастан өткерді. Бірақ шығармашылығына адал әнші көрерменіне тұнық сырларға толы әдемі әндерін арнаудан танған емес, сахнаға мәңгі жас, мәңгі жігерлі күйінде шығып келеді. Сұхбаттарында «Менің саясатқа бас ауыртқым келмейді, мен өмір бойы өнермен айналысуға уәде бердім», - дейтін әнші. Соған қарамастан, ол әрқашан өз халқының басына түскен қиын жағдайларды олармен бірге өткеруге тырысты. Сарғылт төңкеріс кезінде Майдандағы отандастарына қолынан келгенше көмек берді. Қоғамдық өмірге белсене араласады. Өткен жылдың соңында Украинада «Евромайдан» басталған кезде халық әртісі концерттік қызметін біршама уақытқа тоқтатып, үзіліс жариялады. «Қазір Украинада болып жатқан оқиғалардың біздің әрқайсымыздың жанымыз бен жүрегімізге тимей қоймайтыны анық. Мен жаным ауыра отырып, туған елімдегі ахуалға қатысты наразылық білдіремін. Киевте адамдар зардап шегіп, опат болып жатты. Әрқайсысы үшін жүрегім ауырады. Мен тараптардың бәрінен зорлық-зомбылықты тоқтатуды сұраймын. Жанжалдың барлық тарапы да бір-бірін тыңдап, бейбіт шешімді табуы тиіс!» - деп жазды әнші қаңтар айында өзінің ресми сайтына. Бірақ әншінің тілегі орындалмады. Қантөгіс жалғаса берді. Наурыз айында Қырым Ресейге қосылғаннан кейін ол Ресей азаматтығын алуға берген құжаттарын қайтып алып, азаматтықтан бас тартты. Осыдан кейін Ротарудың есімі Ресейдің үлкен сахналарынан біржола жоғалды десе де болады. Сол айда Йошкар-Ола, Чебоксары, Саранск, Ульяновск, Каменск-Уральск, Қорған, Түмен, Нижневартовск, Сургут қалаларында көктемгі турын өткізгеннен кейін Ресейге қайтып аяқ басқан емес. Қыркүйек айында әнші Ташкентте жеке концертін бермек. Ротару ТМД көлеміндегі тыңдармандары ең көп әншілердің бірі саналады. Оның фан-клубтары посткеңестің кеңістіктің түкпір-түкпірінде бар. Әншінің Қазақстан жұртшылығымен байланысы үзілген емес, ол мұнда гастрольдік сапарлармен жиі келіп тұрады. София Ротару – КСРО-ның, Украина мен Молдованың халық әртісі, Украинаның Халық қаһарманы, Украина, Молдова, Ресей елдерінің жоғары мемлекеттік наградаларының иегері. КСРО-ның ең танымал әншісінің сахнада жүргеніне – 46 жыл. Бүгінге дейін 400-ден астам ән орындаған, 83 әні жылдың үздік шығармасы деп танылды. Музыка патшайымының бір ұлы, екі немересі бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста