Елордамызды «Ұлы дала үні» атты домбырашылар флешмобы күйге бөледі

Елордамызды «Ұлы дала үні» атты домбырашылар флешмобы күйге бөледі

Бірлік мерекесінде тұңғыш рет Елордамызда «Ұлы дала үні» атты домбырашылар флешмобы өтті. Бес жүздей адам қатысқан бұл шара Астананың 20 жылдығының құрметіне орай ұйымдастырылған. Флешмобқа қатысқандардың ішінде кәсіпқой домбырашылармен қатар әуесқойлар да бар.
Флешмоб қазақ халқының мәдениеті мен музыкасын дамыту, патриоттыққа тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, сақтау және дәріптеу мақсатында Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасымен бірлесіп «Байтақ» қоғамдық қозғалысының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Бұл шара Қазақстан Республикасы Мәдениет саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы мәдениет саласын жаңғырту әрбір тұлға мен жалпы қоғамның мәдени және рухани әлеуетін ел азаматтары үшін мәдени игіліктерге барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету, қызметтердің алуан түрлілігі мен сапасын арттыру үшін жағдай жасау, мәдениет саласын дамытудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық тетіктерін жетілдіру жолымен дамытуға бағытталатын болады, - деген негіздемесімен үндесіп жатыр.
Жиналған халықтың алдына шыққан айтыскер ақындар Мұхтар Ниязов пен Мейірбек Сұлтанхан халықты мерекемен құттықтап, арнауларын айтып, шараның шымылдығын ашты. «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңға жиналған жұрттың қарасы көп болды. Домбырашылар флешмобына Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов та қатысты. Шара «NOMAD» инструменталды жобасы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары және студенттерінің күй тартысымен басталып «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай» және «Ерке сылқым» күйлерін орындаумен жалғасты. Оркестр құрамында музыканттар, студенттер, оқушылар, тіпті мамандығы музыкаға мүлдем қатысы жоқ жандар да болды.
Ашық аспан астында өткен мерекелік флешмоб кезінде қазақ ұлттық музыкалық аспабының керемет үні жиналған қауымды рухтандырып, шабыттандырып ерекше көңіл күйге бөледі. Флешмобқа қатысатындар алдын-ала тіркеуден өткен.
Домбырашылар концертіне «Алтын домбыра» сыйлығының екі дүркін иегері Мұхтар Ниязов, халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпазы Мейірбек Сұлтанхан, айтыскер-ақын Серікзат Дүйсенғазин қатысқанын да айта кеткен жөн шығар.
«Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын» күйлерін және Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындадық. Мерекелік шараға өз домбырасын алып кеп қатысқандар да көп. Ешқандай дайындық жасамадық. Халық алдына бірден шығып өнер көрсеттік. Халықтың ыстық ықыласынан-ақ өте әсерлі болғанын байқауға болады. Күй – құдірет, күй – кие!», – деді флешмоб дирижері, ҚР-ның Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.
– Мамандығым бағдарламалаушы болғанымен домбыраны мектепте жүріп үйренгем. Флешмоб жайлы кездейсоқ білдім. Апам жарнаманы әлеуметтік желіден көрді. Осы сияқты шараға алғаш рет қатысып отырмын, біраз толқыдым. Біз ойнаған күйлерді барша халық жақсы біледі. Біз жақсы орындадық деп ойлаймын! Қаламызда осындай шаралар көп болса екен, – дейді Астананың тұрғыны Нұралы Жүнісбаев.

Музыканттар домбыраларын күйге келтіргенше көрермендер арасында ұтыс ойын өткізілді. Шара барысында үш домбыра ойнатылды. Флешмобқа дейін бірнеше күн қалғанда Dombyra-Flashmob ресми инстаграмм парақшасында қатысушыларды тркеу жарияланды. Жүзден аса тіркелген көрерменге реттік номер берілді. Нақ осы номерлер бойынша кездейсоқ таңдау жолымен музыкалық аспаптардың иелері анықталды.
Бұл айтулы шара Қазақстанның мәдениет саясаты тұжырымдамасындағы 2030 жылға қарай мәдениет саласындағы қызметтердің сапасымен халықтың қанағаттанушылық деңгейі жетпіс пайызға жетеді деген жоспар біртіндеп іске асып келе жатқанының бір көрсеткішіндей әсер етті.

Таңат Жайлау

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста