«Оларды ойлайтын уақытым жоқ»: Ақбота Керімбекова балаларының әкелері туралы әңгімеге нүкте қойды

«Оларды ойлайтын уақытым жоқ»: Ақбота Керімбекова балаларының әкелері туралы әңгімеге нүкте қойды

Әнші Ақбота Керімбекова Nege.kz порталына сұхбат беріп, ұлдарының әкелерімен қарым-қатынасы қалай екенін айтты. Сондай-ақ әнші алдағы уақытта тұрмыс құруына қатысты пікір білдірген. 

«Танымал әнші боламын деген ой үш ұйықтасам, түсіме кірмеген. Сондықтан бұл маған берген бақ па деймін. Сондай-ақ ешқандай еркектің алдында өзімді мойындатамын деген мақсатым да болмады. Бар үмітім тынбай жұмыс істеп, ешкімге алақан жаймастан балаларымды аяққа тұрғызу болды. Шүкір, үйімді де салдым. Осы жолда үнемі қолдау білдіріп, балаларымды қарап, аяққа тұруыма септігін тигізген анама үлкен алғыс айтамын! Бірақ, жаратылысымыз әйел болған соң еркелеп, әлсіз болғың да келетін кездер болады екен», — деді әнші.

Ал болашақта тағы да тұрмысқа шығуы мүмкін бе деген сұраққа: «Оны уақыт көрсетеді. Бәрі Алланың қолында ғой», — деп жауап берді.

Өнер жұлдызы ұлдарының әкелері туралы да сөз қозғады.

«Шынымды айтсам, оларды ойлайтын уақытым да жоқ екен. Бұрын жастық шағымда қиналып, қапаланған кезде реніш болған шығар. Бірақ кейін келе оның бәрі сынақ екенін түсіндім. Әркімнің өзінің көрер тағдыры бар. Десе де балаларымды әкелерінен бөлген емеспін», — деді ол.

kyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста