Жекеменшік медицина мекемелерінің қызмет көрсету бағасын бір ізге түсіру керек пе?

Жекеменшік медицина мекемелерінің қызмет көрсету бағасын бір ізге түсіру керек пе?


Мақсұт ТЕМІРБАЕВ, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Меніңше, барлық жекеменшік емханалардағы қызмет бағасын бірдей ету мүмкін емес. Өйткені бір жекеменшік емхана 100 мың АҚШ доллары тұратын медициналық қондырғымен жұмыс істесе, екінші емхана 500 мың АҚШ доллары тұратын медицина­лық қондырғымен қызмет көрсетеді. Соған қарай көрсетілетін қызмет сапасы да екі түрлі болады. Қызмет сапасына қарай бағаның да екі түрлі болуы – нарық заңдылығы. Сонан соң тағы бір ескеретін нәрсе, қолданылатын материалдардың, дәрі-дәр-мектің де бағасы әртүрлі. Мысалы, біреу дамыған елдерден жеткізілетін медициналық материалдарды қолданса, екінші біреу қытайдікін қолданады. Сонан соң мамандардың біліктілігі де әртүрлі. Мысалы, Түркияда профессордың қызмет ақысы қарапайым дәрігерге қарағанда үш есе артық. Әлемнің бар еліндегі тәжірибе осындай.


Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
– Меніңше, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, жекемен-шік емханалардағы қызмет бағасының шегін белгілеу керек. Жекеменшік емханаға қарапайым халық еріккеннен бармайды. Иә, бізде қызметі тегін мемлекеттік емханалар бар. Бірақ, сол емханаларда, өзгесін айтпағанда, қарапайым УЗИ де жоқ. Рентген аппараттарының әбден тозығы жеткен. Бара қалсаң, жекеменшік емханаға барып аппаратқа түсіп келіңіз дейді. Мемлекеттік емханаларда тіс дәрігері атымен жоқ. Ал тісі ауырмайтын адам жоқ. Бір тісті емдету – 7-10 мың теңге. Бұл – сұмдық қой. Содан соң мемлекеттік емханада дәрігердің қабылдауына кіру үшін бірнеше күн кезегіңді күтесің.  Өйткені халық саны күн санап артып барады. Халық санының артқанын пайдаланып жекеменшік емханалар да бағаны жыл сайын өсіріп келеді. Ал бірақ халықтың жалақысы жыл сайын артып отырған жоқ қой. Қазірге жекеменшік емханалардағы қызмет бағасын бақылап отырған ешкім жоқ. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демей ме? Сондықтан қазанның қақпағына ие болуымыз керек.


Бақыт ТҮМЕНОВА, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті:
– Менің ойымша, жекеменшік медицина мекемелерінің қызмет бағасын бірізділендірудің қажеті жоқ. Қазір нарық заманы. Жекеменшік емханаларда бағаның әртүрлі болуының да өзіндік себептері бар. Бұл жерде маманның біліктілігі, медициналық қондырғылардың  заманауилығы, қызмет сапасы т.б. жағдайлар ескеріледі. Мысалы, бір жекеменшік емханада науқастарды қабылдауды жоғарғы санатты дәрігер, профессор жүргізсе, екінші емханада бірінші санаттағы дәрігер, ал үшінші біреуінде қарапайым дәрігер амалға асыруы мүмкін. Сол сияқты, бір емхана заманауи, үздік үлгідегі медициналық қондырғымен жабдықталса, екіншісіндегі медициналық аппарат ескі. Міне, осындай ерекшеліктерге қарай қызмет бағасы да әртүрлі болуы заңды. Десе де, бұл «жекеменшік емханалар бағаны өз білгенінше қоя берсін» деген сөз емес. Оны қадағалап отырған мемлекеттік бақылау бар. Сондай-ақ жекеменшік емхананың қызмет сапасы бағасына сай болмаса, ол туралы шағымдануға болады. Егер де жекеменшік емханалар талаптарды сақтамаса, олардың лицензиясы қайтарып алынады. Яғни ондай емхананың қызметі тоқтатылады. Жекеменшік емханаларға жүгіну – әркімнің өз қалауы.  Өйткені біздің елде халыққа тегін қызмет көрсететін мемлекеттік емханалар бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста