Заманауи электронды БАҚ қазақ журналистикасына қалай әсер етті?

Заманауи электронды БАҚ қазақ журналистикасына қалай әсер етті?


Алдан Смайыл, Парламент депутаты:
– Электронды БАҚ дәстүрлі БАҚ үшін үлкен жаңалық болды. Бұл сала аудиторияға деген таласты күшейтті. Негізі, электронды БАҚ қазақ журналистикасының бойына қан жүгіртті деп айтуға бо­лады. Электронды БАҚ – үлкен ғылыми ізденісті қажет ететін са­ла. Ал бізде журналистерді дайындайтын оқу орын­дары кә­сіби маман дайындап шығармайды, сол өкінішті. Оның үстіне оқу бағдарламалары ескірген әрі ғылыми-техникалық базасы жұтаң. Ме­нің ойымша, бізге Вашингтондағы әлемге әйгілі Теле­ви­зия және ра­диохабарларын тарату академиясы немесе Нью-Йорк­тегі теле және ра­дио өнері факультеті үлгісіндегі білім ша­ңырағы керек. Мен де­пу­тат­тық сауал жолдап, Журналистика уни­верситетін ашу туралы ұсыныс жа­саған едім. Айта кетейін, біз­де еліктеушілік басым. Не көп – шоу көп.  Бір ауқымды тақы­рыпты таңдап алып, оны жүздеген қатысушылардың ор­тасында тал­қыға салу, менің ойымша, дұрыс емес. Ұлттық, мем­лекеттік мәселені көкпарға салғанды мен қолдамаймын. Өйткені көбі оның байыбына барып жатпайды, үстірт талқыланады. Халықты оя­ту­дың орнына ықыласын суытып жіберіп жатыр.


Ғаділбек Шалахметов, Халықаралық журналистика академиясының академигі:
– Қазір заманауи электронды БАҚ-қа көшу үдерісі қар­қын­ды жүріп жатыр. Электронды БАҚ қазақ журна­лис­ти­ка­сының заман ағымынан қалыспауына ықпал етіп отыр. Жа­ңадан пайда болған мұндай БАҚ тек қазақ емес, жалпы, отан­дық ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестіктің күшеюіне ық­пал етті. Бүгінгі күні әрбір адамзат керек ақпаратын элек­тронды БАҚ-тар арқылы алуға дағдыланып келеді. Бұл, әрине, жақсы. Қазіргі журналистер, соның ішінде қа­зақ журналистикасының бет алысы, менің ойымша, тәп-тәуір. Тәуелсіздік алғанымызға көп бола қойған жоқ. Ал­ғаш­қы жылдардағыдай емес, қазір заманға сай мамандар қа­тарының артқандығы байқалады. Ақпаратты жедел бе­руге машықтанған. Әрине, мұнымен тоқмейілсуге бол­майды. Білімді-білікті журналист дайындау әлі де өзекті мә­­селе күйінде тұр.  Қазір отандық қазақтілді сайттар қата­ры кө­бейіп келеді. Бұрындары біздің БАҚ шетелге мүлде шық­пайтын. Қазір осы электронды БАҚ-тың көмегімен төрт­кіл дүниемен байланысымыз да жақсарып келеді.


Ұлбосын Айтөлен, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газетінің журналисі:
– Қазақ журналистикасының даму тенденциясын жоққа шығаруға бол­майды.  Билік пен халық арасындағы дәнекер БАҚ-тың өзіндік рөлі бұ­рынғысынан да нығайып, төртінші билік ретіндегі қауқарын кү­шейтті. Заманауи электронды БАҚ-тар қазақ журналистикасына жаңа ты­ныс, жаңа серпін әкелді. Электронды БАҚ арқылы жур­на­лис­те­ріміз ақпаратты жылдам әрі қызықты таратуға машықтанды. Со­нымен қатар таратылып отырған тақырыптардың ауқымы кеңейіп, нақ­ты дерек беруге сеп болды. Қысқасын айтқанда, қазақ жур­налистикасы электронды БАҚ-ты тиімді пайдалануда. Әлбетте, түзелуі тиіс тұстары жоқ емес. Алайда ақпарат кеңістігіндегі бәсе­ке­лестік да­мы­ған сайын, орын алып отырған олқылықтар да оңала бас­тай­тыны бел­гілі. Ал ХХІ ғасырдағы ІТ-технологиясы дамылсыз қарыштап отыр­ған мына заманда бәсекелестік те дами түспек.  Бір айта кетерлігі, қа­зақ жур­налистерінің шеберлігін, кәсібилігін арттыру тек өздеріне ғана емес, мем­лекетке де қатысты. Өйткені аймақтағы қазақ жур­на­лис­тикасы заманауи тех­нологияға зәру. ІТ-технологиясы тек қалалық емес, даладағы әріп­тес­терімізге де қолжетімді болған жағдайда ғана қа­зақ журналистикасының бағы жанбақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста