Халқымыз елдегі бірлік пен тыныштықты қаншалықты қадірлей алып отыр?

Халқымыз елдегі бірлік пен тыныштықты қаншалықты қадірлей алып отыр?


Саттар МӘЖИТОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Қашан да қолда бардың қадіріне жеткен абзал. Жалпы алғанда, халқымыз бірлік пен татулықтың қадіріне жете алып отыр деуге бо­ла­ды. Әрине, бір өкініштісі, кейбір жастарымыз теріс ағымдардың же­те­гіне еріп, жолдан адасып, тыныштығымызға қаяу түсіріп жүр. Олар – қоғамда өз ор­нын таппай адасқандар. Біз олардың қоғамға қайта ора­лып, дұрыс жолға түсуіне көмектесуіміз керек. Тыныштық болмаған жерде береке болмайды. Ондай береке қашқан елдер баршылық. Ондай мемлекет өркениетке жетпейді, халқының тұрмыс жағ­дайы ешқашан жақсармайды. Сондықтан әрбір азамат тыныш­ты­ғымызды қастерлеуі керек. Өткенде бір топ жігіт Үндістанда бол­дық. Сон­дағы халықтың тұрмыс жағдайын көріп, Қазақстанда ту­ға­нымызға қу­ан­дық. Елге қайтқанша асықтық. Қазақ – қиын-қыстау заманда та­лай ұлтты бауырына басқан халық. Сондықтан Қазақстан тә­уел­сіз ел бол­ған тұста еліміздің бар тұрғындары қазақ ұлтының маңына топ­та­сып, береке-бірлігі асқан бейбіт ел болуға атсалысуы қа­жет. Топтасу үшін елі­міздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс.


Асылы ОСМАН, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің, Алматы облыстық әзірбайжан этно-мәдени орталығының төрайымы:
– Мағжанның мынандай сөзі бар: «Тұрандай ер жоқ, Түркідей ел жоқ», осы сөзді мен бүгінгі күні «Қазақстандай жер жоқ, қазақ­тай ел жоқ» деп айтар едім. Бұл – шынайы шындық. Жері қандай кең болса, қазақ халқының пейілі де сондай кең. Өкінішке қарай, сол көңілі дар­қан, пейілі кең, жаны жомарт халықтың жақсылығын ұқ­пай­тындар да та­былып жатады. Қазақ халқы бірлік, ынтымақ­тастық үшін бәрін де жа­сап келеді. Өзге халықтардан соған сай жауап болуы тиіс. Қазақ­станның әрбір азаматы осы елдің суын ішіп, нанын жеп, осы елде өсіп-өркендеп отырған соң мем­лекет құру­шы қазақ хал­қының тілі­не, яғни мемлекеттік тілге құр­метпен қарау керек. Мем­лекеттің басты ны­шан­дары – жері, тілі. Демек, Қазақ елінде тек қазақ тілі негізгі тіл болуы тиіс. Қазақ елінің әр азаматы қазақ тілін білу­ге міндетті. Ал қазақ тіліне қар­сы адам – Қазақ еліне қарсы адам. Қазақ еліне қарсы адам – қа­зақ же­рін­дегі ынтымаққа, бірлік­ке, тыныш­тыққа, Қазақ елінің бола­шағына қарсы адам дер едім. Өкі­нішке қарай, еліміздегі мемлекет­тік тілге де­ген талап әлі де өз деңгейінде болмай тұр.


Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
– Меніңше, елімізде осы 22 жыл ішінде жалпы халықты бір тудың астына шоғырландыратын ұлттық идеология қалып­тас­паған сияқты. Әрине, мемлекет тарапынан түрлі шаралар жа­са­лып жа­тыр. Бірақ олардың ішінде ұлттық идеологияға ай­налып, халықты қазақ ұлтының маңына топтастыра алатын шара аздау. Мұның бірден бір себебі – әлі де болса, ұлттық бос­тандығымызды, мем­лекеттік тәуелсіздігімізді толыққанды ұғ­ын­бай отыруымыз. Сонан соң Тәуелсіз қазақ қоғамын кеңес­тік заманның сар­қын­шақтарынан толық арылта алмай отыруы­мыз. Мейлі мерекелер бол­сын, мейлі тіл мәселесі болсын ке­ңестік елес қалмай келеді. Өткенде Астанада Мирзоян көше­сіне Сәт­баев­тың атын бергенде, оған үдере қарсы шыққандар болды. Бұл санамыздың әлі де Кеңестік синдромнан тазарма­ғанын көрсетеді. Қазақстанның тыныш­тығы тек қазақ хал­қына ғана емес, жалпы, Қа­зақстан хал­қына қажет екенін түсінетін кез жетті. Мемлекет те өзге ұлттар ты­ныш болсын деп, қазақтар өзі­міз ғой деген ұс­танымда болмауы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста