Түркі әлемінің зиялылар одағы қандай мәселелерге басымдық беруі керек?

Түркі әлемінің зиялылар одағы қандай мәселелерге басымдық беруі керек?


Ерболат АСЫЛБЕКОВ, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Ақмола облысындағы меншікті тілшісі:
–Түрік халықтары тілі мен дәстүрі ортақ, мәдениеті мен әдет-ғұрпы  бір-біріне етене жақын халық екені рас. Ең алдымен бұл Одақ түркі халықтарының ішіндегі қазаққа қатысты дүниелерді  іздеуі, сол арқылы жаһанда қазақтың өзіндік орнын айқындауы тиіс деп есептеймін.
Бұл орайда Одақ өзге түркі тілдес халықтармен етене  қарым-қатынас жасауға тырысуы қажет. Осылайша түркі әлемінің зиялылар одағында қызмет еткен қандастарымыз ұлттық мүддені бірінші орынға қоюы қажет. Яғни, түркі мәдениетінің ежелгі тарихы мен дәстүрі арқылы қазаққа тән белгілерін, біз мүлдем естіп-біліп көрмеген ұлттық нақышты өнеріміз бен мәдениетіміз табылуы мүмкін. Сондықтан, бұл Одақ  ұлттық мүддеге қарай бағытталып, қазақтың көнеден қалып кеткен құнды тарихи және мәдени мұраларды жаңғыртуға бағыт алуы қажет.


Ахмет АЛЯЗ, «Қазақстан Заман» газетінің бас редакторы.
–Біріншіден, түркі халықтарының зиялы қауымы ең алдымен бірін-бірі танып алуы тиіс деп ойлаймын. Өйткені әлі күнге дейін өнер мен мәдениет және әдебиет саласында биік шыңды бағындырған түркі зиялылары бір-бірін онша тани бермейді. Ол үшін Түркия, Қазақстан, Әзербайжан тағы да түркі тілдес халықтардың ұлт зиялыларының қатысуымен іргелі семинарлар, конференцияларды ұйымдастыру қажет.
Екіншіден ортақ мәдениет пен әдебиет жауһарларын барлық түркі халықтары оқып білуі тиіс. Неге біздің түркі халықтардың ішінен де әлемге танымал Шекспир сияқты ғаламат туындылар шығармасқа. Сондықтан, әрбір түркі тілдес ұлттардың классикалық туындыларын өзге тілдерге аудару қажет. Мәселен 10-11 ғасырларда одан бұрынғы әрі кейінгі уақытта болған Әл Бируни, Әл Фараби, Ибн Сина сияқты тарихи тұлғалар барлық түркі халықтарына танымал болатын. Сол сияқты қазіргі заманғы ақын-жазушыларымыздың жүз-жүзден өзге түркі тілдеріне аударсақ жөн болар еді.
Үшіншіден, түркі тілдес халықтардың зиялылар Одағы өзара тығыз қарым-қатынас жасап, сол елдің қуанышы мен қайғысына ортақтасып, қандай да бір жағдайда қамқорлық көрсетіп,  бауырмалдықпен қарауы тиіс деп ойлаймын.
Ең бастысы бұл түркі әлемінің зиялы тұлғалары өзге елдердің зиялыларымен бас қосып, бұл одақты халықаралық деңгейге дейін шығаруы қажет. Мұнымен қоса талайдан бері қордаланып келе жатқан Шығыс-Түрік философиясын кеңірек насихаттауға баса назар аударуға тиіспіз. Сондай-ақ, түркі дүниесінің жаңа кезеңге жол ашуын ортақ тіл мәселесін қозғау қажет деп есептеймін. Сонда түркі халықтары сол халықтардың әдебиеті мен мәдениетінің құнды мұраларымен сусындауға мүмкіндік алар еді. Тарихты еске салайықшы. 1926 жылы алаш зиялыларының көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсыновтардың кезінде Түркология съезі өтіп, онда түркі халықтарының ортақ тілге көшуі қарастырылған. Сөйтіп, бір-екі жыл ішінде барлығы латын әліпбиіне көшіп кетті. Әрине, бірден мұндай күрделі істі жүргізе алу мүмкін емес. Дегенмен, ортақ түркі дүниесінің дүниеге таралуы үшін мұндай қадамдарға бару аса маңызды болмақ.


Төлеген ҚАЖЫБАЙ, Қазақстан жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы:
–Мен мұндай жауапты істе өте мұқият болған жөн дер едім. Өйткені, тұтас түркі әлемінің зиялы қауымының одағын құру ойыншық дүние емес.  Бұл ұйымның атқаратын жұмыстары жөніндегі арнайы бағдарламасы болуы тиіс. Ол бағдарлама қарапайым халыққа таныстырылып, жұмысының қандай нәтиже беруі тиістігі, не мақсат көздегені айқын көрсетілуі қажет.
 Әрине, мұндай ұйымның болғаны жөн. Бірақ, жауапты істе қадамды аңдап басып, барлық мәселені ой елегіне салып барып шешкен дұрыс болар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста