Техникалық мамандықтарға оқытуды ағылшын тілінде жүргізу керек деген пікірді қолдайсыз ба?

Техникалық мамандықтарға оқытуды ағылшын тілінде жүргізу керек деген пікірді қолдайсыз ба?


Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, Орталық Азия университетінің Машина жасау және көлік институтының директоры, техника ғылымының докторы, профессор:
– Бүгінде біз бакалаврды оқыту үшін оқулықтың жоқтығы мен тер­миндердің қазақшаланбағанынан қиындық көріп отырған жоқпыз. Сондықтан, менің ойымша, бакалавр мамандарды ағылшын тілінде оқыту қажет емес. Өйткені бакалаврды бітіргендердің бәрі шетелге шығып, ғылыми жұмыстармен айналысып жатқан жоқ. Оларға ауылға барып, ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысуы үшін ағыл­шын тілінің қажеті шамалы. Сондықтан магистратура мен докторантурада оқитындарды ғана ағылшын тілінде оқыту қажет. Магистранттар мен докторанттарға ғылыми жұмыспен айналысып, шетелге шығып, тәжірибе алмасуы үшін ағылшын тілінің қажеттілігі білінеді. Өзіміз де осы жасқа келгенде ағылшын тілін үйреніп жүрміз. Өйткені шетелмен тәжірибе алмасу кезінде олармен түсінісіп, өз білімімізді көрсету үшін ағылшын тілінің қажеттілігі сезіледі. Айта кетерлігі, біздің біліміміз олардың білім деңгейінен еш кем емес. Бірақ соны көрсету үшін тіл білудің қажеттілігі сезіліп қалады. Сондықтан ағылшын тілінде оқыту оның қажеттілігіне қарай жүргізілу керек деп ойлаймын.

Тоқтасын МЕНДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Менің ойымша техникалық маман­дық­тарға оқытуды ағылшын тілінде жүр­гізу­дің қажеттігі жоқ. Дәл қазір аяқ астынан қазақ тілін ысырып қойып, ағылшын тілінде оқытып кете беруге біздің оқулығымыз бен мамандарымыз да жеткіліксіз. Не қажетті оқулық, не оқытатын маман болмаса, сонда оларды кім оқытады?! Рас, қазір техникалық тер­миндердің барлығы ағылшын тілінде. Де­генмен ағылшын тілінде екен деп қол қу­сырып қарап оты­руға болмайды. Түбі керек нәрсе бол­ғандықтан, арнайы мамандар тех­никалық терминдердің қазақ тіліндегі терминологиясын жасап шығарса, өте дұрыс болар еді.

Әбдікәрім УСМАНОВ, Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымының кандидаты:
– Рас, бүгінде қазақ тіліндегі техникалық терминдер қалып­таспаған. Оқулықтар да жетіспейді. Сондықтан техникалық маман­дыққа оқытуды ағыл­шын тілінде жүргізсек, дұрыс болар еді. Онсыз да қазір мектептерде ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқыту қолға алынуда. Ендеше, техникалық мамандық иесі болғысы келетін оқушы мектеп қабырғасында-ақ ағылшын тілін жақсы оқуға тырысып, бейімделе бастайды. Бұл жерде мәселенің екінші жағы да бар. Техникалық мамандықты ағылшын тілінде игеру оңайырақ бол­ға­нымен, түбі еліміздің техникалық ғылыми жүйесі қалып­тасуы үшін терминдерді қаза­қы­ландыру күн тәр­тібіндегі мәселе болуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста