Студенттерге бөлінген несиенің игерілмей жатқаны пайыздық үстеменің көптігінен бе, әлде ұйымдастыру шараларының әлсіздігінен бе?


Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:
– Негізі, 40 мың студентті несиемен қамтамасыз ету белгіленген­мен, қа­зіргі уақытта 500-ге жетер жетпес студент қана несиеге қол жет­кізген. Бұл – өте төменгі көрсеткіш. Бұған себеп болып отырғаны, бі­ріншіден, 9 па­йыз­дық үстеменің жоғары болуы. Әлемдік тәжіри­бе­де студенттерге арналған несиенің 3-4 пайыз болғаны кездеседі. Осы тұрғыда біз студенттерге не­сиені өте жоғары пайызбен беріп отыр­мыз. Мұны азайту керек. Қазіргі уа­қытта несие жалаңаяқ сту­дент­ке емес тиыннан теңге жасап, байып отырған кә­сіпкерге беріл­ген­дей болып отыр. Әлеуметтік жағдайды көтеруге ар­налған несие мұн­дай болып берілмеуі керек еді. Несиені 9 пайызбен емес, 3 пайызбен беруге біздің мүмкіншілігіміз толық жетеді. Сондықтан осы жағ­дайды қарастыруымыз керек. Екіншіден, несиеге дайында­ла­тын құ­жат­тардың көп болуы кедергі жасауда. Студент сабағына да­йындала ма, әлде құжат дайындаумен айналыса ма? Сондықтан құжаттардың санын реттеу керек. Үшіншіден, несиені тек техникалық жә­не медициналық жоғары оқу орын­дарының студенттеріне емес сту­дент­терге жаппай беруді қарастыру керек. Осы жағдайлар рет­тел­се студенттерге бөлінген несие жедел игерілер еді.

Әсет Тұрдығұлов, Қазақстан Жастар одағының төрағасы:
– Қазақстандағы қағазбастылық бөлінген не­сие­нің жедел игерілуіне кедергі болуда. Мен не­сиенің же­дел игерілмеуі несие алу үшін дайын­да­латын құ­жаттардың көптігінен деп ойлаймын. Пайыздық үс­теменің көп болуы да «ертеңгі күні қарызымды қалай өтеймін» деген қорқыныш тудырмай қоймайды. Естуімше, көптеген елдерде несие студенттерге 3 па­йыз­дық үстемемен бе­рі­леді. Тіпті «білімнен ақшаны ая­мау керек» деген ұс­таныммен пайызсыз несие беретін де елдер бар екен. Жастар – еліміздің бола­шағы. Ендеше, болашағымыздың жарқын болуы үшін неге ақша аяуға тиіспіз? Сондықтан біздің елі­мізде де білім­ді, білікті азаматтардың көбеюі үшін осын­дай жағ­дай жасалса құба-құп болар еді. Несие беру дұ­рыс ұйымдастырылмай жатыр деуге болмас, се­бебі жақсы жаңалық насихатты қажет етпейді.

Оразалы Сәбденов, экономист:
– Елбасымыздың өзі мемлекетіміздің индустриялды-технологиялық жол­мен дамуын ұсынды. Бұл дегеніміз — адам потенциалына сүйене отырып да­му. Дамыған елдерде жылдық жалпы табыстың 77 пайызы адамның потен­циа­лын пайдалана оты­рып, білім мен ғылымның жетістіктері арқылы табы­ла­тын кірістер. Табыстың қал­ған 23 пайызы мұнай-газ, қазба байлықтарын пай­даланудан түседі. Ал Қазақстан, сон­дай-ақ жалпы ТМД елдерінде табыс­тың 77 пайызы мұнай мен қазба байлықтардан түссе, кірістің 23 пайызы адам потенциалын пайдаланудан түсіп отыр. Міне, біз адам­ның потенциалын, ғылым мен білімнің жетістігін пайдалана алмай келеміз. Егер біз алдағы уа­қыт­та білім-ғылымға қамқорлық жасамасақ осы қалпымызда артта қалып кете­міз. Жастарды білім алуына жағдай жасамасақ ешқашан қарыштап дами ал­май­мыз. Онсызда бізде жоғары оқу орындарындағы жастардың 81 па­йы­зы ақылы оқи­ды. 19 пайызы ғана мемлекеттік бюджет тарапынан тегін оқи­ды. Еуропа елдерінде тегін оқу өте жоғары деңгейде. Оларда 10 мың адамға шақ­қанда 300 студент тегін оқыса, Ресейде 10 мың адамға шаққанда 170 студент тегін білім алады. Ал бізде 10 мың адамға шаққанда 88 студент ғана тегін оқиды. Бұл – өте төменгі көрсеткіш. Сондықтан қалай болмасын жастар­дың білім алуы үшін барлық тиімді жағдайды қарастырған жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста