Құм басып жатқан ауылдарды апат аймағы деп жариялау керек пе?

Құм басып жатқан ауылдарды апат аймағы деп жариялау керек пе?


Дос Көшім, саясаттанушы:
– Міндетті түрде «апат аймағы» деп жариялау керек. Атырауда, Жаңаөзеннен 60 шақырым жерде Шелек деген жер бар. Қазір ауылдың шетіндегі үйлерді құм баса бастаған. Мен бұл аймақтарды өз көзіммен барып көріп келдім. Қажет десеңіздер, менде мұның барлығын ай­ғақ­тайтын фотосуреттер де бар. Ол жерлердегі халықтың күнкөрісі тіптен төмендеген. Ең бастысы, сол апатты аймақтарда қазақ баласының көптеп шоғырлануы. Егер сол аймақтарда орыс халқы көп орналасқан болса, олардың дауысы әлдеқашан шығар еді. Біздің қазақтың көнбістігі ме, әйтеуір, қай уақытта болсын мәселе әбден ушыққанда ғана байбалам саламыз. Құм басқан аймақтарды тазарту үшін әлдеқашан арнайы мем­лекеттік бағдарлама қабылдауымыз керек еді. Бұл мемлекеттің шаруасы ғой. Ол ауылдарды құмнан аршып алуға жергілікті әкімдіктердің шамасы келмейді. Жергілікті әкімдердің ұйымдастыруымен құмды аймақтарға тал, сексеуіл егу мәселелері жасалып жатқан көрінеді. Бірақ мұның бар­лығы әлеуметтің әлеуетін көтеруде аздық етеді. Сондықтан құм басқан ауылдарды «апатты аймақ» деп жариялап, ол аймақтардың халқын басқа қауіпсіз аймаққа көшіріп, сол аймақ халқына арнайы жеңілдіктер берілуі керек. Осыған назар аударатын кезең жетті.


Оразәлі Сәбден, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Мұны Парламентте көтеретін мезгіл жетті. Тіпті «апат аймағы» деп ата­мағанның өзінде, мұндай аймақтарға мемлекеттік көмек көрсетілуі керек. Өйткені ол жерлердегі халықтың жағдайы өте ауыр. Болашақта экологиялық климаттың ауытқушылығы жиі орын алатыны болжануда. Бұдан шығатын қорытынды, елді мекендердегі су басу, құм көшу, шөлейттену қаупі жоғарылай түседі. Демек, біз болашақта осындай экологиялық апаттардың алдын алу үрдісін жетілдіргеніміз дұрыс. Бұдан соң жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін же­тілдіру қажет. Мысалы, Украинада жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге қатысты арнайы заң бар. Ал біз қазір жергілікті мемлекеттік басқару тәсіліне ғана сүйеніп отырмыз. Осының салдарынан жергілікті әкімдердің бас­қару жүйесін тереңдете алмай отырмыз. Ойлап қарасақ, құм басып жатқан Аты­рау, Маңғыстау елді мекендерінде қазақтың мұнайын өндіріп, шетелге экс­порт­қа жіберіп, қалтасы қалыңдап жатқан қаншама алпауыт компаниялар бар. Десек те, жергілікті әкімдіктер  осындай апатты жағдайдан шығу үшін олар­дың көмегін пайдалана алмайды. Өйткені олар жергілікті әкімдердің тала­бына пысқырмайды да. Міне, өзін-өзі басқару жүйесінің жетілмегенінің бір сипаты осы. Сондықтан бұл проблемаларды шешу үшін алдымен осы аталған жайт­тарды таразылап, зерттеп, халықты қолдаудың жан-жақты шараларын қарастыру қажет.


Сапабек Әсіпұлы, жазушы-ғалым:
– Жалпы, шөлді, құмды аймақтарды  ғылым тілінде «адам­ның күн­көрісіне мейлінше қолайсыз аймақтар» деп есептейді. Бізде қазір осындай аймақтарда өнеркәсіп дамытпақ түгіл, күн көру тауқымет. Бұл аудандардың халқын құнарлы жерлерге орналастыру мәселесі жедел шешімін табуы керек. Тіптен өзге елдерде, АҚШ-та, Канадада, басқаны қойғанда, «бізден дамуы артта қалды, ғылымы жетілмеді» деп мұрын шүйіріп менсінбейтін Оңтүстік Африкада құнарсыз, суы тапшы, нәрсіз, шөлейтті, құмды жерлерде тұратын жандарға жалақы­сына қоса үстеме төлемақы төленіп тұрады. Бұл үрдіс жағдайы төмен деңгейдегі Үндістанның өзінде жүзеге асып отыр. Жоғарыда аталған мемлекеттерде тұрғындарға мемлекеттік мекеменің үш деңгейінен көмек беріліп тұрады. Біріншісі – округтік әкімшілік, екіншісі – штаттық әкімшілік, енді бірі – федералды әкімшілік. Бай­қаған шығарсыз, үшеуі де мемлекеттік мекеме. Біз «апатты аймақ» деп танымағанның өзінде осы мәселені ойластырғанымыз жөн. Осы екі мәселені шешкенде ғана қазақтың тұрмыстық жағдайы түзелетін болады. Қазақ ауыл­да­рының болашағын ойласақ, осы мәселені шешуді жеделдету керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста