Қазақстанда күн энергиясын дамытуға не кедергі?

Қазақстанда күн энергиясын дамытуға не кедергі?


Меңлібай МЫРЗАХМЕТОВ, академик, техника ғылымының докторы, профессор:
– Күн энергиясын пайдалануға бізде қолайлы жағдай бар. Бірақ бұл – өте терең ғылыми-зерттеу мен күрделі техника мен технологияны қолдануды қажет ететін сала. Иә, қазір Дания, Гол­ландия, Түркия, Греция күн энергиясын толықтай тиімді пайдаланып келеді. Сондықтан қуаттың мұндай балама көзіне біздің еліміздің де көшуі қажет. Дегенмен жерден, күннен қуат алу қымбатқа түсетін дүние. Жалпы, энергия алудағы тәсілдің ішіндегі арзаны – көмір. Бізде осы шикізат өндірілгендіктен, мүмкін, бұл бағытта асығыстық танытпай отырған шығармыз.
Негізі, бұрынғы КСРО кезінде 70-жылдары Түрікменстанда күн энергетикасын дамыту бойынша ғылыми орталық болған. Сол кезден бастап біз осы саланы зерттеп келеміз. Толайым ғылыми-зерттеулер де бар. Теориялық дәлелдемелер де жеткілікті. Тек соны жүзеге асыратын зауыттар салынуы тиіс. Әрине, ол үлкен инвестицияны қажет етеді. Ал күн қуатын алатын қондырғылар 20-30 жылға шыдамды болып жасалады. Соның 15 жылында ол өз шығынын жаба бастайды.

Мұрат ЖҰРЫНОВ, академик, химия ғылымының докторы, профессор:
– Күн энергиясын қолданысқа енгізу – оңай шаруа емес. Ол ғылыми-зерттеу мен осы бағытта ерен физикалық еңбекті талап етеді. Сондай-ақ ауқымды инвестиция да қажет. Өйткені күн энергиясын алатын тиімді қондырғылардың құны да қымбат.
Жалпы, күн энергиясы бойынша біз қазір су жылытуға шамамыз келіп жүр. Мұны ақырындап қолданысқа енгізудеміз. Күннен қуат аламыз деп айту оңай да, ал сол сәулені тартатын қондырғылардың үлкен аумаққа, шаң қонбайтын биік жерге орналастыру керектігінен көбі хабарсыз болуы ықтимал. Яғни, жалпы, формасы мен қолданысы жағынан бұл күрделі дүние. Қазір еуропалықтар күннен қуат алатын автокөліктер шығарып жатыр. Ондай көлікті бізде шығару тиімсіз болар еді деп ойлаймын. Себебі 16 миллионнан асатын біздің хал­қымыз ондай нарық үшін аз болып саналады. Яғни күн энергия­сынан от алатын көліктерді шығару бізде өз шығынын ақтай алмай қалады. Ал күн энергиясынан электр тогын алу – мүлде бөлек дүние. Бізде бұл бағытта үлкен ғылыми жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әзір ол іс өз қорытындысына жеткен жоқ. Дегенмен түптің түбінде біз де күн энергиясынан электр тогын алатын уақытқа жетеміз деп есеп­теймін.

Тоқтамыс МЕҢДЕБАЕВ, академик, техника ғылымының докторы, профессор:
– Қазақстанда күн энергиясын, қайтарымды қуат көздерін дамы­туға толықтай негіз бар. Жағрафиялық, күн сәулесінің түсу мерзімі мен ұзақтығы жағынан да мүмкіндіктер жеткілікті. Әсіресе еліміздің оңтүстік аймағына токтың осы балама көзін пайдаланған әлдеқайда ұтымды болар еді деп ойлаймын. Ұзақ уақыт бойы бұл энергия түрін дамытуға Еуропа мен АҚШ атсалысып келеді. Кеше ғана Алмания ғалымдары 2050 жылы өз елінде пайдаланатын энергияның 80 пайызы қайтарымды қуат көздерімен, соның ішінде күн энергетикасымен қамтылатынын мәлімдеді. Демек, әлемде аталған қуат көзінің дамуына жағдайлар жасалып жатыр. Ал бізде бұл бағытта әзірленген ғылыми жұмыстар бар, аз да болса қондырғылардан да кенде емеспіз. Тек мемлекетіміз күн энергиясын дамытуға қатысты арнайы бағдарлама қабылдап, ғалымдарды осы іске жұмылдырып, жағдай жасаса жеткілікті деп ойлаймын. Ондай жағдайда күн энергиясын елімізде дамытуға толықтай мүмкіндік алар едік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста