Отандық телеарналардың зорлық-зомбылықты көрсетуіне тыйым сала аламыз ба?

Отандық телеарналардың зорлық-зомбылықты көрсетуіне тыйым сала аламыз ба?


Ахмет ДҮЙСЕНБАЕВ, психофизиолог:
– Қарап отырсақ, соңғы кездері отандық телеарналарда атыс-шабыс, қылмыстық оқиғалар жиі көрсетіліп кетті. Халық бүлініп бара жатқандай. Сондықтан бұл өзекті мәселе болып тұр. Ресей телеарналарының да әсері жаман, бірақ олар бізге бағынбайды, ал қазақстандық арналардың мұндайды көр­сетуіне тыйым салу керек. Болған қылмыстарды жаңалық ретінде көрсетуге болар, бірақ оны әшкерелеп, жиіркендіріп көрсету қажет. Жаңалықтардан айтылатын қылмыскерлердің әре­кетін жастар әлдеқандай ерлік, батырлық деп қабыл­дамайтындай болуы тиіс. Сол сияқты, Американың зорлық-зомбылық киноларына еліктеу бар. Америкаға еліктеп, мұн­дай киноларды – Ресей, Ресейге еліктеп, біз де шығарып жатыр­мыз. Қазір Иранды көпшілік жақтырмайды, бірақ бұл елде тәртіп қатты, ғаламтордан бастап, барлық ақпарат құра­лында тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Бізде бұл тұрғысында дінбасылардың да рөлі күшті емес.

Серік НҰРМҰРАТОВ, философия ғылымының докторы:
– Телеарналардағы зорлық-зомбылық көріністері, сон­дай ақпараттар қоғамға теріс әсер етіп отыр. Біз адам­дарды руханилыққа тәрбиелеуіміз керек. Бірақ, меніңше, мұндай нәрселерге тыйым салу әзірше мүмкін емес. Теле­арналар қашан да төтенше оқиғаларды көр­се­ту­ден ұпай жи­найды, көрермен тартады. Қазір бұқаралық ақ­парат құрал­дары, жалпы адамзаттың дүниетанымы тұтыну пси­хологиясына бағынып отыр. Неғұрлым елең ет­кізетін дү­ниені көп көрсетсе, оның тұтынушысы да со­ғұрлым көп болады және табатын пайдасы да соғұрлым еселенбек. Осындай прагматикалық көзқарас бізге адамға келетін зиян жайлы ойлауға мұрша бермейді. Мемлекеттің де теле­ар­наларға тыйым сала алмайтыны сондықтан. Қа­зір­гі қоғам­ның өзінде күштінің ықпалында жүру пси­холо­гия­сы ба­сы­мы­рақ. Зорлық-зомбылықты насихаттаудың дұ­рыс еместігі айтылуы мүмкін, ал іс жүзінде оған тыйым бол­май жатады.

Дмитрий ДВОЙНЕВ, тележурналист:
– «Тыйым сала аламыз ба?» деген – оңай сұрақ емес. Зорлық-зомбылық ұғымының өзі, оның нақты әсері мұқият зерттелуі керек. Себебі әлдекімдер үшін маса өлтіру де зорлық болып есептелуі мүмкін. Біз Ұлы Отан соғысы туралы әскери-патриоттық фильмдерді тамашалап, тәрбиелендік. Керек десеңіз, оларда да зорлық-зомбылық, атыс-жарылыс болды. Меніңше, телеарналар мен кинематографияны бұлай кінәламау керек. Есі дұрыс адам атыс-шабыс туралы фильмді көре салып, қандай да бір сорақы әрекетке бармайды. Адам тәрбиелі, ақылды, әрі заңды сыйлайтын болса, оған ешқандай келеңсіз көрініс әсер етпейді. Сондықтан бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген жөн. Телеарналар мен кино саласында онсыз да цензура бар. Ғаламтордағы зорлық-зомбылықты насихаттайтын ресурс­тарға келсек, онда тыйым салумен келісуге болады, өйткені жастар отырған монитордың арғы жағында сананы улап, зорлықты қалай және не үшін жасау керектігін керемет сөздермен, әдістермен түсіндірушілердің бола­тыны рас.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста