Отандық телеарналар жеңіл-желпі ток-шоуларға тым әуестеніп кеткен жоқ па?

Отандық телеарналар жеңіл-желпі ток-шоуларға тым әуестеніп кеткен жоқ па?


Бекзат Жүсіп, «Хабар» телеарнасы жаңалықтар қызметінің редактор-дикторы:
– Ол рас. Қазір ток-шоулар тым көп. Негізі, көп бол­ға­ны дұ­рыс. Көрермен жақсысын өзі таңдайды. Кө­рер­мені аз, рейтингі төмен бағдарламаның ғұмыры қысқа. Оған қо­са, сан бар жерде бәсекелестік туындап, сапа да артады. Бір-бірінен асып түссек, жақсы тақырып ұсын­сақ, оны жан-жақты ашсақ деп ұмтылады. Алайда, өкі­нішке қарай, бізде олай болмай отыр. Алаңдайтын екін­ші жа­ғы тағы бар. Бұл – таптаурын тақырып, жеңіл сөз, жа­уыр болған жұлдыздар, сауатсыз режиссура т.б. Және көп­шілігі ток-шоу форматының толық мүмкіндік­терін пай­­даланып жатқан жоқ. Бізде мо­дераторды (жүр­гізуші), жалған кейіпкерді (жасандылық көзге ұрып тұ­рады), қозғалып жатқан тақырыптың иісі мұрнына да бар­майтын мектеп оқушыларын топырлатып жинап ала­мыз, болса арзандау бірді-екілі кіріспе сюжет қыс­тыра са­ламыз. Жауапты тұлғаларды, мемлекеттік орган өкіл­де­рін де шақырмаймыз, шақырсақ келтіре алмаймыз. Міне, көпшілігінің сиқы осындай.


Жарас Ниязбек, «31арна» «Информ бюро» қызметінің редакторы:
– Бүгінде елге қажетті хабарлар мен елді сусындататын бағ­дарламалар жоқтың қасы. Екі клип пен төрт әні бар әнші қыз-жігіттер телеарналарды жаулап алды. Қазақта «тауық сойса да, қа­сапшы сойсын» деген сөз бар. Тарихи танымды кеңейтер, кө­рер­менге ой салар, ұлттың ұлылығын ұлықтайтын құнды теле­өнім­дерді «жұлдызды» шоулар шырмап тастады. Жылтырағанның бә­рі алтын деп ойлайтын, рейтингке байланған басшылардың әншілерсіз таңы атып, күні батпайды. Қоғамда сахна көрген, ел алдында жарқ етіп бір көрінген  жасанды әншілердің пікірі бә­рінен құнды. Олар тарихи мәселеге де, қоғамдық-саяси құбы­лыс­тарға да, экономика, пәлсапа, әлеумет, әдебиет, психология, ас­паздық, бәріне де әнші пікір білдіреді. Телеарна – үлкен тәрбие құ­ралы. Көрермендердің талғамын ескерген де жөн шығар. Ма­ғыналы, мазмұны терең, ой салатын телеөнімдерді қабылдауға да­йын емес деген уәж айтуы мүмкін. Алайда санасына сәуле түсіріп, бай тарих пен құнды рухани әлемге саяхат жасауға мәж­бүрлеу керек. Жеңіл, арзан дүниелер баянсыз әрі пайдасыз бо­ла­рын ескерсек, отандық телеарналарда мәнді әрі дәмді бағ­дарламалар шығару керек.


Есболат Айдабосын, «Қазақстан» ұлттық арнасы «Апта-kz» бағдарламасының жетекшісі:
– Біздің телеарналардың көбісінде «пішін» бірінші орынға шығып, «мазмұн» соның құйысқанын тістеп қалған секілді. Жалт-жұлт еткен жыл­ты­раққа әуестеніп кеткендейміз. Кезінде ой түйетін, сауатыңды ашатын бағ­дар­ла­малар көбірек еді. Рас, салмақты бағдарламалардың дені сол кезде де сынға ұшырады. Режиссурасы нашар, сөйлей беретін бастар (говоряший го­лова) кімге қызық, өйту керек, бүйту керек дейтін дәліздік күңкілдерді та­лай естідік. Осы күңкілдер ақыры солардың түбіне жетті. Ал қазір ше? Біреулер «Қуыр­дақ шоу», «Бешбармақ шоу» деп қазан-ошақты жағалап кетті, «Наша ка­­за­шаның» шала қазақтары елді күлдіреміз деп тілді бүлдіріп бітті. Бөстекі әң­гіме, арсыз күлкіге бой алдырды. Соның салдарынан есіл уақытыңызды шы­ғындап сарылып, теледидар алдында тапжылмай отырсаңыз да, эфирден есті әңгіме ести алмайсыз. Ән мен әншіні де көрінген жерге тықпалап, берекесін кетірдік. Қай телеарнаны қоссаң да – концерт. Ән салып, би билеген жұрт. Қазіргі уақытта журналистика факультетінде оқитын қыз-жігіттердің өзі шоу­мен мен журналисті айыра алмайтын деңгейге жетті. Әрине, ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Бірер жақсы ток-шоулар бар. Бірақ аз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста