Өрттен сақтандыру жүйесін дұрыс жолға қоймаған мектеп басшысын жауапкершілікке тарту керек пе?


Жібек БАЙМҰРАТОВА, Шиелі аудандық №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының директоры:
– Мектептерді өрттен сақтандыру жүйесімен жабдықтау үшін мемле­кеттен арнайы қаржы бөлінуі қажет. Өйткені өрттен сақтандыру жүйесін орнату үшін қомақты қаржы керек, ал оған мектептің бюджеті жетпейді. Мектеп директорын ол үшін жазғыру дұрыс емес. Директордың қолынан бар келетіні – мектептің кем-кетігін айтып, жоғары жаққа хат жазу ғана. Ал жазылған хатқа орай тиісті орындар жұмыс істеп, қаржы бөлмесе, ди­ректордың сұраған қаржысын тауып бермесе, өрттен сақтандыру жүйесін директор қалай орнатады? Әйтпесе қай директор тиісті орындардың тексеруі келгенде орнатылмай қалған өрттен сақтандыру жүйесі үшін ескерту алып, сөз естігісі келеді дейсің?! «Жомарттың қолын жоқтық байлайды» деп, амал жоқ, қол жайып отырады. Өз басым жүгіріп жүріп былтырғы оқу жылында аталмыш жүйені орнаттырып алдым. Қауіпсіздік үшін керек-ақ нәрсе. Алайда тиісті орындардан қаржы бөлінбеуі сал­дарынан көптеген мектеп директорлары тиісті жабдықтарды орната алмай отыр. Мектептегі қауіпсіздік сақтау шаралары біздің міндетімізге кірмесе де, талай рет жауап беріп, айыппұл да төлеп жатырмыз. Бірақ мәселеге нағыз жауапты адамдарды тартатын кез жетті. 

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» республикалық қозғалысының төрағасы:
– Әрине, мектептің мәселесіне директор жауапты. Сондықтан өрттен сақтандыру жүйесімен жабдықталмаған мектеп директорларын жауап­кершілікке тартатын кез келді. Бізде міндетті түрде қайғылы жағдай орын алғаннан кейін ғана жауаптылар етек-жеңін жинай бастайды. Сол секілді барлық мектептерге жаппай өрттен сақтандыру жүйесін орнату үшін міндетті түрде өртенген мектептің ішінде балалар қаза болуы керек секілді. Жыл сайын әрбір мектептің жөндеу жұмыстары мен кем-кетігіне мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді. Сол кезде мектеп директорлары өрттен сақ­тандыру жүйесі үшін де қосымша қаржы талап етулері керек еді. Мектеп директоры оқушылардың өмірі үшін жауапты. Ол сол мекемеге жауапты болғандықтан, қауіпсіздік шарасын да ескеруі тиіс. Егер мектепте ондай жүйе орнатылмады екен, онда ол мектепте жемқорлық фактілеріне орын берілген деп қарауымыз қажет. Яғни мектепке бөлінген қаржы мақсатты пайдаланылмайды. Не болмаса директор өз міндетін дұрыс атқарып, жоғарыдан талап ете алмайды. Одан да тексеріп келген тиісті орган қызметкерлеріне азын-аулақ тиын-тебен беріп құтылғанды тиімді көреді.

Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі:
– Өрт – тілсіз жау. Тілсіз жаумен ой­нау­ға бол­майды. Ал мектептегі бүл­дір­шін­дердің өмі­ріне мектеп директорлары жа­уапты. Сон­дықтан мектепте орын ал­ған мәселені ди­ректорлар жоғарыға жет­кізе білуі керек. Егер директорлардың бір­лі-жарымының жа­найқайы жо­ға­ры­ға жетпесе, бірнеше мек­тептің дирек­то­ры жиналып, өз нара­зы­лықтарын біл­ді­руі керек. Егер мектептің мүддесі үшін олар осындай қадамға барса, ешкім қой демес еді. Сондықтан мектептер­дің өрт­тен сақтандыру жүйесімен жаб­дық­тал­май отырғандығы үшін дирек­тор­лар­ды жауапқа тарту керек деген пікірге қо­сы­ламын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста