Оқулықтарды көшіріп басатын жеке меншік баспа қызметіне қалай тосқауыл қоюға болады?

Оқулықтарды көшіріп басатын жеке меншік баспа қызметіне қалай тосқауыл қоюға болады?


Мереке ҚҰЛКЕНОВ, «Бала би» ЖШС бас директоры:  
– Бүгінде оқулықтарды болсын, көркем жазу дәптерлерді болсын, көптеген оқушыға қажетті баспа өнімдерін көшіріп басушылар көп. Бұл өзі соңғы 7-8 жылда шешілмей келе жатқан күрделі мәселе. Себебі біреудің адал еңбегін көшірумен айналыстан баспалар, тіпті мұқабасын, баспаның атын аудармай көшіреді. Сапасындағы сәл-пәл айырмашылық болмаса, олардың көшіріп басқанын тіпті дәлелдеу қиын. Бізде бұл мәселеге қатысты заң бар, бірақ заң жұмыс істемейді. Өйткені заңның өзі жеке адамдардың қолында дәрменсіз құрал секілді. Көшірмемен айналысатын кейбір жеке меншік баспалар кез келген заң органдарын сатып алады. Тамыр-таныстықтың, параның кесірінен осындай заңсыз жұмыс істеп отырған баспаларға тосқауыл қою мүмкін болмай отыр.



Тұмар МӨКЕШОВА, С.Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасының қызметкері:
– Оқулықтарды көшіріп басатын, жалпы балаларға арналған көркем әдеби кітаптарды сапасыз етіп басып шығаратын баспаларға тосқауыл қою керек. Өйткені балаларға арналған кез келген кітап ең алдымен сапалы болу керек. Кейде кітапханаларға кітап қағазы сапасыз, ішіндегі әріптері дұрыс көрінбейтін, суреттері, бояуы дұрыс емес, сөйлемдері, сөз тіркестері түсініксіз кітаптар келіп жатады. Тіпті кейбір кітаптардан жағымсыз иістер бөлінеді. Балалар мұндай сапасыз кітаптарды біраз оқығаннан кейін, басым ауырды дейтіндері де бар. Меніңше, кез келген оқулық болсын, балалар әдебиеті болсын қатаң тексерістен өткен соң ғана мектептерге, кітапханаларға жіберілуі керек. Меніңше, қазір барлық оқушыны оқулықпен қамтуға мемлекеттің жағдайы жетеді. Ата-аналар арзандығына қызығып, баласына сапасыз оқулық сатып алмас үшін оқулықтардың бағасы қолжетімді болғаны жөн. Сондай-ақ көшіріп басып, пайда табатын баспалармен заң орындары айналысу керек деп есептеймін.


Әлия МҰРАТҚАЗЫҚЫЗЫ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
– Өзге баспалардың атын жамылып көшірме оқулықтарды сатып табыс тауып жүргендердің бар екені рас. Бағасы баспа бағасынан әлдеқайда арзан болғанымен, сапасы нашар оқулықтар қаланың кез келген базарынан табылады. Менің білуімше,  мұндай көшірме оқулықтарды шығарумен айналысатын баспаларға қатысты талай шағымдар айтылған. Мұндай көлеңкелі бизнеспен айналысатын баспаларға  мемлекет тарапынан шектеу қойылып, тиісті заң  органдары әрекет етуі керек. Бүгінде «Атамұра», «Мектеп» секілді баспалардың жергілікті білім басқармалары оқулыққа қанша тапсырыс берсе, сонша оқулық басып шығаруға мүмкіндіктері жетеді. Өз басым, үнемі ата-аналарға күмәнді, сапасыз оқулық алмауға кеңес беріп отырамын. Егер оқушыларымыз 100 пайыз оқулықпен қамтылса, басқалардың құқығын таптап, көшірме арқылы нәпақа тауып жүргендердің саудасы жүрмейді деп ойлаймын. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста