Бүлдіршіндер арасындағы сән байқауларында сәбилердің жалаңаштануына тыйым салу керек пе?

Бүлдіршіндер арасындағы сән байқауларында сәбилердің жалаңаштануына тыйым салу керек пе?


Жанар ШӘМЕЛ, «Балапан» телеарнасының жетекшісі:
– Шетелдің бір арнасында балаларға арналған байқау бар. Онда шомылуға киетін киімді бесіктен белі шықпаған балаға дейін кигізіп, бет-аузын бояп, шашын бұйралап қояды. Қор­қы­нышты жайт. Бәрі жараса кететін сол шетелдіктерге де ерсі нәрсе. Себебі басты кейіпкер – бала. Ал біз бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген халықпыз. Үл­кен­ге құрметпен, кішіге ізетпен қа­райтын бол­сақ, бұл – ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан тәр­бие­міз­дің ар­қасы. Ал сол тәрбиенің бә­рін бала сол бала кезінде сіңі­ретінін ес­керсек, әлі қалыптасып үл­гер­меген таным-санасына оның та­биғи өсіп-дамуын жылдамдататын үл­кендердің іс-әрекетін, Ба­­тыс­тың түрлі дүниесін таңуымыз дұрыс емес. Біз ересек жас­тар­дың өзіне этика, эстетикаға, жасына сай жа­ра­сымды киінгені жөн деп жат­қанда, балаларды жартылай жа­ла­ңаш­тап жа­рыс­тыр­ға­нымыз – ұят. Жалпы, қыз сыны немесе балалар ара­сындағы бай­қаулар олар­дың жасына, танымына қарай, ұлттық ерек­ше­лік­терімізді ес­кере отырып ұйымдастырылғаны жөн деп ой­лай­мын.

Әбдіуәли МӘМЕДІЛ, психолог:
– Психопатологияда жала­ңаш­та­ну­ды жақсы кө­ретін құмарлар және оны көрсеткісі келіп тұратындар бар. Көргісі келіп тұратын визуалистер жас ба­ла­лар­дың тә­нін көрсеткен киноларды, су­рет­тер­ді көрумен құмарын қан­дырып, ләз­зат алып қана қойып, ешқандай зиян кел­тірмейді. Ал екінші топ тәнді көрсеткісі келіп тұ­ра­тын­дар кішкентай балаларды ішкиіммен сән тұғырына, сахнаға шығарып жүрген ұйым­дас­ты­ру­шылардың ара­сында болуы мүмкін. Сәбилердің жетістігіне мақ­тау айтып, қошемет білдірсек, олар сол іске ын­та­лана түседі. Болашақта да еш­қан­дай еңбек етпей, тәнін көр­сететін, сәнді киім үлгісін көрсететін салаға кетеді. Шын­ды­ғында, сол сән саласындағылардың басым бөлігі – осын­дай патологияға ұшырағандар. Бұрын ата-бабаларымыз ба­ланы алдымен киіндіріп, көз ти­ме­сін, ұшықтанбасын деп, үкі таққан. Ал сән байқауын ұйымдастырушылар барлығын ке­рі­сінше істеп отыр.

Қымбат ӘБІЛДӘҚЫЗЫ, «Айгөлек» балалар журналының бас редакторы:
– «Баланы – жастан...» деп қазақ тегін айтпаған. Кішкентай кезінде етегін, кін­дігін, тө­сін ашып сахнаға шыққанға қол соқса, соны жөн көреді. Ер адамдар, әже­лер отырса да, баланың жалаңаштанып шыққаны үшін балаға қол соқпай қой­майды. Балажан қазақ өне­рімен шыққан балаға кінә артпайды. Періште көңіл бала мұны киіміме де, өнеріме де соғылған шапалақ деп ойлайды. Баланың көңілі – ең патша көңіл. Ол соны киіндіріп отыр­ған анасының да, шығарып отыр­ған ұйымның да сынына құлақ ілмей, өзін кіші жұл­дыз санап алады. Телевизиялық шоу, сахнаға шығатын концерттік бағдарламаның бар­лы­ғы ақшаға келіп тіреледі. Сахнаға шыққан баладан міндетті түрде ақша алады. Ба­ла­лар­дың жанашыры болғандықтан, біздің журналға, «балалы үйдің ұрлығы жатпас» деген­дей, «ақшам болмаған соң, мені тіпті аудандық байқауға да қатыстырмады, дауысы жоқ, ақ­шасы көпті алып кетті» деп балалар шындықтарын жазып жатады. Сондықтан ұйым­­дас­тырушылардан, ата-аналардан ұлттық құндылықтарды ұмытпауын өтінген болар едік. Біз қыз балаға «етегің, кіндігің, омырауың ашылып қалмасын, қазақ ешқашан ұятты жерін көр­сетпеген» дегенді үйретуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста