Сайлаубай Жұбатыров, жазушы:
– Қандай іс болса да, астарында саясат жатады ғой. Дегенмен шын ықылас болса, ерік-жігері жетеді. Дамыған елдерде экология мәселесі өте маңызды тақырып болып табылады. Ал Орталық Азия — экологиясы жағынан, әлемдегі ең ауыр жағдайда тұрған аймақ. Сонысына қарамастан, осы күнге дейін бірлесіп жасаған шаралар жоқтың қасы. Дегенмен түптің-түбінде осы Арал мәселесін шешуде Орталық Азия мемлекеттері ортақ шешімге келеді деп ойлаймын. Өйкені Аралдың тағдыры тек Орта Азия елдерінің қолында. Арал проблемасының көтерілгеніне біраз уақыт болды. Осы мерзімнің ішінде мәселені шешудің жолдары жан-жақтан ұсынылды. Ұсыныс бергендердің қатарында шетелдіктер де болды. Арасында Қазақстанның атынан ұсынылып жүрген Ортаазиялық су-энергетикалық консорциум идеясы бар. Осы консорциумның ұстындарымен толық таныса алмадым, бірақ жалпы идеясы, бағыты өте дұрыс. Энергетика көздерін әділетті түрде қарастыру керек. Мәселен, Арал объектісінде Ауғанстанның да заңды мүддесі бар. Осы күнге дейін Арал мәселесі саясат тұрғысынан ғана қаралып келді. Белгілі бір мемлекеттер оны табиғи байлық ретінде қарастырып отыр. Дегенмен болашаққа сенім мол.
Мэлс Елеусізов, «Табиғат» одағының жетекшісі:
– Арал мәселесінің қандай ауыр проблема екендігін шын түйсінген адамдар кемде-кем. Арты тағы да саясатқа ұласып кете ме деп қорқам. Бұл күнде экологиядан гөрі саясат негізгі тақырып болып тұр ғой. Әйтпесе, Аралдың қазіргі мүшкіл жағдайы – кезек күттірмейтін мәселе. Баяғыдан айтып жүрген бір сөзім бар еді, Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері Арал проблемасын қандай деңгейде тұрғандығын түсінгенде ғана барып, бұл мәселе өз шешімін табады. Алматыда болатын отырыста мұны қалай қарастырмақшы екендігін білмеймін. Мені бұл іске шақырған жоқ. Дегенмен ел басшыларының тарапынан ықылас болса, әрине, бір шешім жасалуы мүмкін.
Мұхтар Шаханов, қоғам қайраткері, ақын:
– Арал мәселесін алғаш көтерген адамдардың бірі екенімді білесіңдер ғой. Сол кездері «Казахстанская правда», «Социалистік Қазақстан» газеттері «Аралда жағдай жақсы, Шаханов жала жауып жатыр» деп менің мәселемді Кеңес өкіметінің қарауына жіберуді ұсынды. Біз енді оған қарап жатпай, Арал мәселесін ары қарай да көтеріп жүрдік. Нәтиже аз болған соң мен Американың Атланта деген қаласына барып, баяндама жасадым. Сол кезде мен «бұл проблемамен президенттер айналыссын» деген ұсыныс жасаған едім. Бес президентпен жеке-жеке жолығып, Арал мәселесін президенттерге аманат еткен болатынбыз. Сөйтіп, өзім «желтоқсан» мәселесімен айналысуға кірісіп кеттім. Содан бері біраз жұмыстар істелді. Міне, енді сол ұсынысты президенттер қарастырайын деп отыр. Әрине, осы экологиялық проблеманы шешу олардың қолынан келеді. Қолдарында билік бар, қаржы бар, ұтымды шешім жасалады деп сенемін.
Арал мәселесін саяси нысанаға айналдырмай, экологиялық тұрғыдан қарауға бес мемлекеттің ерік-жігері жете ме?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора