Алматы қаласының ішіндегі базарларды ретке келтіру жұмыстары тағы да аяқсыз қалып қоймай ма?

Алматы қаласының ішіндегі базарларды ретке келтіру жұмыстары тағы да аяқсыз қалып қоймай ма?


Нұрлан ӨНЕРБАЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Базар болғаннан кейін оның айналасында жайма базар­лардың көбейетіні рас. Бұл жақсы нәрсе емес. Өйткені жайма базарлардың салдарынан базар айналасында санитарлық нормалар сақтала бермейді. Яғни базарлардың көбеюі қаланың тазалығына нұқсан келтіреді. Мұндай базарлардың барлығының артында мықты қожайындары бар. Жекелеген адамдардың мүд­десі үшін жұмыс істейтін мұндай базарлардың көбеюіне тос­қауыл қойылуы керек. Алматы қаласы үлкен болғанымен, он­дағы базар­лардың санын көбейте берудің қажеті жоқ. Мен әлем­де көп­теген үлкен қалада болдым. Базар саудасы қызған қала­лар­дың экономикасы дамығанымен, санитарлық нормалары ешқашан сақ­тала бермейді. Бұл жерде жергілікті әкімдіктер мен тиісті қада­ғалаушы орындардың бақылауын күшейтіп, базар иелерімен келіс­сөздер жүргізу арқылы базарларды өркениетке сай бейімдеу керек. Рас, талай адам осы сауда арқылы күн көріп отыр. Осы орай­да оларды табыс көзінен айырмау жағын қарастырған жөн.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
– Ата Заңымыз бойынша, адамның меншіктік құқы сақталуы қажет. Десек те, бұл жекеменшік жерінде әркімнің не істесе де өз еркі деген сөз емес. Негізі, біздің елімізде базар қожайындарына қатаң талаптар қойыла бермейді. Базар иесін сауда орнының белгілі бір бөлігінің төбесі жабық болуына, қыстыгүні жылытылатындай, базарға келген халық жау­рамай, саудасын жасай алатындай, әрі халық сауда жасай жүріп, демала алатындай жағдай туғызуға міндеттеп, егер талаптар орындалмаса, базарды жабу керек. Бір өкініштісі, тиісті орындар базар иелеріне нақты талаптар қоя бермейді. Осының салдарынан бүгінде базарларымызда ешқандай тәртіп жоқ. Негізі, базар ішіндегі заңсыздыққа, алаяқтыққа базар әкімшілігі жауап беруі керек. Алайда бүгінде базар әкімшілігі мен саудагерлер ауыз жаласып, халықты қанап отыр. Мәселен, базарлардағы саудагерлердің қолындағы таразысы дұрыс емес. Сондықтан базарға барар алдында әрбір тұрғын қалтасына таразысын салып баруға мәжбүр. Осы орайда тез арада жергілікті басқару орындары базар иелеріне қойылатын талапты күшейте отырып, базарларды ретке келтіріп, заманауи сауда орындарын ашуы қажет.

Абылайхан САМАТДИНОВ, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:
– Базарлардың бетімен кетуіне қадағалаушы орындар кінәлі. Шыны керек, базар қожайындары күнделікті қыруар қаржы табады. Табыс көзі болып отырған базар­ды талапқа сай орынға айналдыруға құлықсыз. Осы орайда жергілікті билік орындары базар қожайындарынан санитар­лық талаптарды сақтап, базар айналасын заңсыз жайма­ базар­ларға айналдыруға жол бермей, керісінше, көрік­тен­діруін талап етуі керек. Бұған жергілікті билік орындарының то­лық­тай құқы бар. Базар иесінің меншігі екен деп, олар­дың көп­шілік орынды қалай болса солай ұстауына жол бермеу керек. Мәселен, заманға сай Алматы қаласындағы «Апорт», «Мак­сима», «Мега» секілді сауда, ойын-сауық орталық­тары өте қолайлы. Олардың айналасында базар маңын­да­ғыдай көлік кептелісі жоқ, арнайы көлік тұрағы да ескеріл­ген. Тұр­ғын­дар­дың сауда жасауына да, қаланың ажарына ажар қосуға да тұрарлық. Сондықтан базар иелерінің қарсылы­ғына қарамас­тан, базарлардың бәрін осындай сауда орнына айнал­дыруға тырысқан жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста