Жағдай сұрасудың бүгінгі нұсқаларын білеміз бе?
Сәлем беріп, сәлем алу салты ежелден-ақ сөздің анасы саналған. Қазақ кез келген әңгіменің төркінін сәлемдесіп болған соң ашқан. Жақсы, не жаман жаңалық болса да алдымен сәлемдесіп, хал-жағдай сұрасып болған соң ғана бастаған. Бүгін де бұл үрдіс ескірген емес. Әйткенмен сәлемдесу рәсімі тек шаблонды тіркестерге ғана айнылып кеткендей. Бүгін біз сіздерге қазіргінің адамдары бір-бірімен қалай сәлемдесіп, хал-жағдай сұрайтыны жөнінде бір қызық әңгіме бастап көрейікші. Сонымен, сіз бен біз қалай амандық сұрасамыз?
"Қалайсың?" Бұл жағдай сұрасудың ең жеңіл түрі. "Сәлемнен" басталған рәсім "Қалайсыңмен" аяқталады. Бірақ шынымызды айтайықшы, көбіміз "Қалайсың" деген сөзді сұрақ белгісімен емес, леп белгісімен (кейде нүктемен) ғана айтамыз ғой? Мәселен, күнделікті аузымызда жүретін мына мысалды әңгімемізге арқау етіп көрейік:
- Сәлем! Қалайсың?
- Ой, қалайсың?
Екі тарап та бір-біріне "Қалайсың" деп қана сәлемдесті. Бірақ өздерінің қалай екендігін айтқан жоқ. Сұрақ осы жерде шаблонды сәлемдесуге айналып тұр. Бірінші тарап әңгімелесушінің жағдайын сұраса, екіншісі оны тек сәлемдесу құралы құрлы көріп тұр.
"Не жаңалық? Не хабар?" Бұлар - хал-жағдай сұрасудың ең көп тараған түрі. Бірақ бұл сұрақтар да көбіне жауапсыз қалып кетіп жатады. Мәселен, кез келген әңгімелесушіңізден "Не жаңалық?" деп жағдай сұрасып көріңізші. Ол сізге "Ешқандай жаңалық жоқ" деп, немесе "Сол, үйдеміз", болмаса "Жүрген, сол..." деп жауап береді. Өмірінде ауыз толтырып айтатын жаңалығы болса да, өзі де соны айту үшін хабарласып тұрса да ол "Не жаңалық" деген кезде тізбелеп айта бастамайды. Мойындайықшы, солай емес пе? Бұл сұрақ та жауапсыз қалады, солай. Әңгімеміз көп дегенде бес минуттан әрі аса бастағанда әлгі жаңалықтардың басын өзіміз де тізгіндей алмай қаламыз. Немесе әңгімелесуші серігіңіз өзі-ақ жаңалықтан жаңалық қалдырмай сұрап алады.
"Қал қалай?" Бұл да сәлемдесудің бір түрі. "Хал қалайдан" шықты ма, жоқ әлде "Қалайсыңнан" шықты ма, қайдам. Не болса да дұрыс сәлемдесуге жатпайды. Емлелік тұрғыдан! Егер танысыңыздың жағдайын сұрағыңыз келсе, "Хал қалай?" деңіз. Өйткені қазақ қал емес, хал сұрасады. "Хал" сөзі жағдай, ахуал деген сөздермен мағыналас. Сондықтан, мұнан кейін "қал" сұраспай, "хал" сұрасайық.
"Жайша жүрсің ба?" Бұл сұрақ та жоғарыдағы "Қалайсың" мен "Не жаңалық" сияқты жауапсыз қалып жатады. Қасымыздан кім өтіп бара жатса да, жанымызға кім келсе де, біз де "Жайша жүрсің ба?" дейміз. Өйткені адамның бәрі асығыс мына заманда жайша жүру ұятқа айналғандай. Негізі қандай да бір бұйымтаймен келген адам да бұл сұраққа "Жай, жүрген..." деп жауап береді. Бұл жүрісінің себебі болса да солай дейді. Әңгімесін "Мен негізі бірдеңе сұрауға келіп едім" деп себебін сосын ғана түсіндіреді.
"Үйде кім бар?" Қазақ осы сұраққа үнемі "Ешкім жоқ, өзіміз" деп жауап береді. Үйде бір топ адам болса да, отбасы мүшелерінің басы түгел болмаса да осы жауапты естисіз. Бұл сұрақ қойыласа салысымен, үйде кім-кімнің барын саусағымен санамалап айтып беретін адам аз шығар сіздің де таныстарыңыздың ішінде. "Кім бар?" дегенге "Ешкім" деп жауап береді. Демек өзімізді ешкім санаймыз ба, қызық?!.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу