Үнемі жолы болмайтын адамның 7 белгісі

Неліктен көптеген қабілетті адамдар ешқашан жетістікке жете алмайды? Бұл сұраққа АҚШ президенті Ричард Никсонның спикері және голливудтық сценарист Бенджамин Стайнс бірнеше жыл бойы жауап іздеген. Өз бақылауларының нәтижесінде ол табысты адамдар мен сәтсіздікке жиі ұшырайтындардың арасындағы 8 айырмашылықты тұжырымдайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзін-өзі алдау. Сәтсіздікке жиі ұшырайтындар үнемі өз-өздерін алдайды. Сіз басқаларға арамдық жасау арқылы табысқа жете аласыз, бірақ сіз өмірде қай жерде екеніңізді, жағдайыңыз туралы өзіңізге үнемі өтірік айта алмайсыз және бәрібір алға ұмтылуға мүмкіндігіңіз болмайды.

Өнімсіздік.  Адам табысқа табандылық пен күнделікті тынымсыз еңбектің нәтижесінде жетеді. Сәтсіз адамдар бұл шындықты қабылдамай өмір сүргенді дұрыс санайды. 

«Дүниеде ешнәрсе табандылықты алмастыра алмайды. Оны талантпен алмастыру мүмкін емес. Талантты сәтсіз адамдарды кездестірудің ықтималдылығы жоғары. Жалғыз білім де аздық етеді, дүние білімді, бірақ шеттетілгендерге толы. Тек табандылық пен тәуекелшілдік бәрінен де мықты».                                                                                                                                                                 Кальвин Кулидж

Достарға әділетсіздік. Сәтсіз адамдар өздеріне пайдасыз адамдарға мейірімді және ризашылықпен қарайды, бірақ оларға мейірімділік танытқандарға немқұрайлы және ризашылық білдірмейді. Олар достасуды білмейді және қарым-қатынас жасай алмайды.

Жаман мінез. Сәтсіз адамдар ережені елемейді, жиналыстарға кешігіп келеді, келісімдерге немқұрайлы қарайды, сыйлықтар үшін алғыс айтуды ұмытады. Олар өздерінің қателескендерін қалай мойындау керектігін білмейді.«Табыс – күнделікті орындалатын бірнеше қарапайым ережелерден басқа ештеңе емес, ал сәтсіздік – күнделікті қайталанатын бірнеше қате». Джим Рон

Ашуланшақтық. Олар әрқашан дерлік көңілсіз көрінеді. Себебі өз жұмысын, өмірін ұнатпайды. Сәтсіздікке ұшырайтындар барлығын ақымақ немесе алаяқ деп санайды және әр нәрседен қулық пен қастандық көреді. " Жолы болмайтындардың мақсаттары бар,бірақ олар тек өз өмірлерінен гөрі көңіл көтеруді жоспарлауға көбірек уақыт жұмсайды". Денис Уайтлер

Қажетсіз дау. Сәтсіз адамдар дау үшін айтысқанды жақсы көреді. Олар уақытты құрметтемейді. Дау-дамайларды бастап, шешендіктерін басқалар бағалайды деп үміттенеді. Бұл қате түсінік. Іскерлердің бос дауға уақыты жоқ.

Кейінге қалдыру. Сәтсіздікке жиі ұшырайтындар басымдық беруді білмейді. Олар басымдықтардың қажеттілік екенін түсінгісі келмейді. Барлығына уақыт ешқашан жетпейді, бірақ ең маңызды заттар үшін уақыт әрқашан жеткілікті. Ал маңызды зат үшін маңызсыз нәрсені ысырып қою құрбандық емес, мәміле.

Бұл жерде барлық сәтсіздікке ұшырағандардың ең жиі кездесетін сылтауы - қиын кезеңдер мен жаман үкіметті кіналау. Саусақтарды айқастырып, сәтсіздікке жол бермей өмір сүруге болатыны сөзсіз. Бұл да таңдау. 

Bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста