Бала тілінің кеш шығуына әсер ететін себептер

Бала тілінің кеш шығуына әсер ететін себептер

Байрахметова Нұргүл Есімханқызы
Мұғалім-логопед

Жұмыс орны: КММ Мүмкіндіктері шектелген балабақша-мектеп «Алтын дән»
Бала тілінің кеш шығуына әсер ететін себептер

Қазіргі таңда бала тілінің кешігіп шығуы жиі кездеседі. Бұл, әсіресе 3 жастағы сәбилер арасында белең орын алған. Бала тілінің кешеуілдеуі тек, ата-аналарды ғана алаңдатып қоймай, дәрігерлер мен арнайы педапгог мамандардың жүйелі жұмысындағы өзекті мәселе болып тұр.
Бұл мәселе ғасыр дертіне айналғанба? Бүгінгі күнгі теледидар жаңалықтары мен ғаламтордағы ақпараттардан ата-аналардың бала тілінің кешігіп шығуы жайындағы шығымы жиі айтылады. Тіпті күнделікі өмір тұрмысында балалардың сөйлеу тіліне мән бермей уақыты келгенде өзінен-өзі шығады деген сөздерді жиі естинтін болдық. Бұл ата-аналар тарапынан қате пікір деп есептеймин. Бала тілінің дамуын жетік білмеген адамзат осындай қате пікрлерге бой алдырады
Бала психикасының дамуында сөйлеу тілінің орны ерекеше, ол зейін, ойлау,еске сақтау сияқты психикалық процестермен етене байланысты.Егер сөйлеу тілінің кешеуілдеуі байқалса, баланың ақыл ойының дамуы жасына сай болмайды.Сондықтан, баланың дамуына барлық психикалық үрдістердің жасына сай дамуы бала тілінің шығуына өте маңызды болып табылады.
Қазіргі ата-аналар баласының сөйлеу тілінің кешеуілдеп жатқанын білсе де, балаларын 4-5 жасқа дейін мамандардың көмегіне кеш жүгініп жатады. Осындай сөйлеу тілінің дамуына немқұрайлықпен қараған жағдайда, бала тілінің дамуы кешеуілдейді.
Жалпы сөйлеу тілінің кешеуілдететін факторларды ата-аналар назарына аудартқым келеді. Ата-аналардың жүктілік кезіндегі инфекциялық аурулармен жиі ауруы, сонымен қатар қан аздылық, бүйрек жүмысының әлсіздігі, жүректегі ақаулар баланың сөйлеу тілінің дамуына өз кесірін тигізбей қоймайды. Сондай-ақ босану кезіндегі сәбилердің әр түрлі жарақаттар алуы, асфексиялық аурулар ( баланың өз кіндігіне оралып туылуы) босану барысында немесе босанудан кейінгі нәресте миының зақымдалуына байланысты орталық нерв жүйесінің бұзылуы.
Сондай-ақ әлеуметтік жағдайлар да кері әсерін тигізді. Атап айтқандай, нәрестелі болған ата-аналар, нәрестенің өз уақытындағы даму кезеңдеріне мән бермеуі салдарынан, сөйлеу тілінің дамымауына жол ашады. Сонымен қатар, жанұядағы екі тілде сөйлесу, ата-анасы баламен сөйлесу кезінде тәмпіштеп, сөздерді бұзып сөйлеуі тілі шықпай жатқан баланың сөйлеу тілінің дамуын шектейді.
Бала тілі 3-ке дейін шықпаса дабыл қағып, ата-аналар бірден дәрігер және арнайы мамандардың көмегіне жүгінуі тиіс. Алдын ала шешім қабылдап, істі құрдымға тастамау керек. Тіл кемістігі бар балаларды дәрігердің назарында ұстағаныңыз жөн. Мамандардың ұсынған ем шараларын қатаң сақталуы негізінде ғана қойылған мақсатқа жетуге болады. Атап айтқандай неврапатолог маманының тағайындаған курстық емі мен логопед маманының жұмысы үнемі байланыста болатынын ескергеніңіз дұрыс
Невропатолог маманнан нәрестенің сөйлеу тілінің дамуы жайында толықтай ақпараттар мен сөйлеу тілінің бұзылу деңгейінен бағдарлар мен логопедиялық жұмыстың түрлерінен хабардар боласыз.
Сөйлеу тілі дамымаған баланың ұсақ моторикасының дамуы әлсіз, тыныс алудың бұзылыстары ерекшеліктері көрініс береді. Сол себепті логопед маман бала тілін дамытудағы түзету жұмысында ұсақ моторикасына әр түрлі жаттығуларды оырндауды,тыныс алу жаттығуларыы мен нүктелік уқалау түрлерін жасауды ұсынады. Сөйлеу тілін қалыптастыру жағдайына ата-аналар жиі қатысса, логопед пен баланың жұмысына оң әсер етеді.Ата-аналар дабыл қағып үнемі ізденісте болған жағдайда ғана нәтиже шығатыны белгілі. Сол себепті дәрігерлік көмекті ала отырып логопедттің ұсыныстарын, берілген инструкцияларын бұлжытпай орындау керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста