Дана адам қандай болады?
Әлем дана адамдарсыз өмір сүре алмайды. Әр минут сайын бір дана адам қажетті сөздерді айтып, бір адамның өмірін құтқарады. Даналықты қалай түсінесіз?
1. Үнсіздік. Дана адамдар тоқтаусыз сөйлеп, ақылды нәрселерді 24 сағат бойына айтумен болады деген пікір дұрыс емес. Аз сөйлеп, көп тыңдау – даналық.
2. Тіке сұрамау. Дана адам ешқашан беттен алып, тіке сұрақ қоймайды.
3. Мақтанбау. Дана адам өз мақсаттарын айтып, биік белестерді бағындыруға талпынып жүргенін ешқашан айтпайды. Себебі ол адамдарда қызғану, көре алмау сияқты қасиеттер бар екенін түсінеді. Әрі мақсаты орта жолда орындалмай қала ма деп уайымдағандықтан, жоспарын ішінде сақтайды.
4. Қулық. Жиі адамдар біреудің белгілі бір жағдайдан сытылып шығып, аман қалуын қулыққа теңейді. Алайда, қулық дегеніміз – жағдайды пайдалану болса, даналық – қай жерде қандай құралдарды пайдалану керек екенін білу.
5. Даттау. Дана адам әңгіме барысында тікелей тіл тигізіп, сөйлемейді. Ол сынды, ренішін астарлап, орнымен жеткізе біледі.
6. Өсек. Бұл адамдар өсекшілерді даттамаса да, өсекті айналып өтуге тырысады. Ешкімді өсектемейді, біреудің өсегіне сенбейді.
7. Ақылдылық. Дана адам жағдайды алдын ала ойластырып, болжай біледі. Ал жоспар бойынша келіспей жатқан ситуацияны дереу қалпына келтіру үшін бірнеше әдісті дайындайды.
8. Санасу. Дана адам өзгенің пікірін тыңдап, санаса біледі. Алайда өз пікірінен ауытқымайды.
9. Бақылау. Дана адамдар барлығын дер кезінде көріп, бақылап отыруды жөн көреді. Шешім таба алмаған жағдайда белгілерге назар аударады. Жолына түскен жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, үнемі жаңа біліммен сусындауға асығады.
10. Күтім. Дана адам мақсатқа жетемін деп әбігерге салынбай, өз денсаулығын ойлайды. Ол үшін – денсаулық бірінші орында.
11. Тәжірибе. Дана адамның өмірінде «сәтсіздік» деген сөзге орын жоқ. Ол үшін тек «тәжірибе» бар және ол жағымсыз жайттардың да болып тұратынын жақсы түсінеді.
12. Дұрыс бағалау. Дана адам кез келген ситуацияның жағымды белгілерін тауып, анықтай алады. Ал «теріс жақтарын» кейіннен тексереді.
Дана адам өмірден ләззат алып, ерінбей, қолынан келетін нәрсенің бәрін жасау керектігін түсінеді, өзгелерге де түсіндіруге тырысады.
massaget.kz