Бейтаныс адам туралы бірер секундта не айтуға болады?
Психологтардың айтуынша, адам бейтаныс біреуді көрген сәттен бастап, оның ақылды немесе ақымақтығын, өмірде жақсы қалыптаса білгендігін, сенімді немесе сенімді емес екендігін бірер секундта біле алады екен.
Жұқа кескіндер. Бұл терминді 1992 жылы Налини Амбади (Nalini Ambady) мен Роберт Розенталь есімді психологтар (Robert Rosenthal) ойлап шығарған. Олар оны адамның ең алғашқы көзқарасы мен қоғамдық интуициясы феноменін зерттеу барысында қолданады. Гипотизаға сәйкес, адамның ауызша сөйлеу мәнері адам туралы көптеген мағлұмат береді. Бұл тұжырымның қаншалықты шынайыға жанасатындығына көз жеткізу үшін ғалымдар Гарвард университетінің мұғалімдерін дәріс оқып жатқан уақытын 10 секундтық видеороликке түсіреді. Ал видеороликті бөгде адамдарға 15 параметр (жұқа кескін) бойынша сипаттауларын сұрайды. Олар дәріскерлерді «өте белсенді, өз-өзіне сенімді әрі жүрек жарды» деп баға береді.
Кейіннен тап осы видеороликті қайта түсіріп, бірақ түсірілім уақытын 5 секундқа шегереді. Сөйтіп видеороликті келесі бір топқа көрсетеді. Таң қалатыны екі жағдайда да адамдардың ойы бір жақтан шығады. Одан соң ғалымдар видеороликті 2 секундтық етіп жасайды. Ал мұнда да жаңа орта сол нәтижені қайталаған.
Эксперимент барысында енді кезек ұстаздарды бірнеше уақыт бойы білетін және дәріс алып жүрген студенттерге келіп жетеді. Ал бұл жағдай басқаша өрбіген. Студенттер мен сырт көз бақылаушылары арасында қалыптасқан жұқа кесіндерді 2 секундтық дыбыссыз видеороликтен бақылаған. Ал оның көрсеткіші шамамен басқалардың ойымен шамалас болған. Сөйтіп ғалымдар мынандай қорытындыға келеді: адамдар бейтанысты адамды көрген сәттен бастап, оның сырт келбеті мен әңгіме кезінде ол туралы пікірді тез шығарады. Онымен қоса сөйлескен кезде әңгіменің не туралы айтылып жатқандығының маңызы жоқ.
Сонымен қандай жұқа кескіндер бізді алғаш рет кездестіргенде мінездеме қалдырады:
Сенім. Принстон университетінің ғалымдары Александр Тодоров (Alexander Todorov) пен Джанин Уиллис (Janine Willis) адамдардың әңгімелесушіні сенімді деп бағалауын 100 миллисекундта анықтайтынын дәлелдеген.
Олар бірінші топқа бөгде адамның суретін көрсетіп, оларды тартымдылық, біліктілік, сенімділік дәрежесі бойынша баға берулерін сұрайды. Әр суретті 0,1 секунд көрсеткен. Ал екінші топқа тап сол суретті қайталап көрсетіп, уақыт жағын шектемейді. Тәжірибе нәтижесінде екі топ та бір нәрсені айтқан. Әсіресе, адамның сенімі қатты сыналған.
Әлеуметтік мәртебесі. Голландия ғалымдарының зерттеулері адамның қоғамдағы мәртебесі мен күнделікті табысын анықтау үшін киімді әлеуметтік маркер ретінде пайдаланатынын көрсеткен. Егер белгісіз біреу «Tommy Hilfiger», «Lacoste» секілді танымал брендтегі киімдерді киген болса, сырт көз оны әл-ауқаты жоғары отбасынан немесе жоғары дәрежелі қызметке ие адам деп пайымдайды. Адамның қоғамдағы дәрежесін дизайнер жұмысы айқындайды. Бірақ, зерттеушілер дизайнердің еңбегі тек сырт келбеті жағынан әлеуметтік мәртебесін ғана көрсетеді дейді. Ал басқа қасиеттерін көрсете алмайды.
Интеллект. Лос-Анджелес қаласындағы Лойолы университетінің психология профессоры Нора Мерфидің (Nora A. Murphy) есептеуінше, тура көзге қарағандық ақылдылықтың белгісі екен. Жүзбе-жүз кездескен адам көзін алмай сөйлесетін болса, онда ол интеллектуалдылық қабілеті біршама жақсы дамыған кісінің көрінісін береді. Мерфи адамдар қандай белгілер бойынша адамның ақылдылығын байқайтынын зерттеуге тырысады. Әңгіме кезіндегі көз байланысы адамды ақылдылыққа итермелейді. Сонымен қатар одан басқа көзілдірік секілді заттар барлығын түсіндіреді.
Тәртіпсіздік. Британ ғалымдары денесінде татуы бар әйел адамдарды сырт көз тәртіпсіз деп есептейтінін анықтаған. Мысалы, ішімдік құмар, кезбе т.б.
Вирен Свами (Viren Swami) мен Адриан Ферхэмнің (Adrian Furham) зерттеулері қызықты тәжірибе жасайды. Олар купальник киген бірінде - ішінде, екіншісінде - қолында, үшіншісінде –екі жерінде, ал төртіншісінде мүлдем татуы жоқ суреттерді көрсетеді. Оларды еріктілерден үш талап бойынша бағалауды сұрайды:
• моральдық тұрақтылық;
• ішімдік пайдалану;
• тартымдылық;
Қыз баланың денесінде татуы көп болған сайын, оның тартымдылығы төмендеген, мінез –құлқы нашарлай түскен. Эксперимент барысында ғалымдар «денесіне тату қойып жүретін қыздарды - ішімдік құмар, жігіттерге жақын» деген қорытындыға келген.
Озаттық. Уортон бизнес мектебі университетінің ғалымы Альберт Маннес (Albert E. Mannes) тақыр бас адамдарды жұрт жетекші адам ретінде қабылдайтынын дәлелдейді. Олар ұжымда жақсы жұмыс жасай алады. Ол үшін Альберт бірнеше тәжірибе жасаған. Ол адамдарға суретте шашы бар және шашы жоқ кісілерді көрсетеді. Сонда көштің басын тақыр бас адамдар ұстаған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу