Балаларды балабақшаға бейімдеу

Кез келген балаға алғаш рет балабақшаға бару – үлкен күйзеліс. Бұған дайын деген баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында дағдарысқа ұшырайды. Әрине қасында өзі үйренген жақындарының болмауы, әрқашан қолдайтын ата-анасының жанынан табылмауы, мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы, танымайтын ересектерді көруі және оларды тыңдау, өздеріне жат ыдыстан тамақтануы, үйренбеген төсекке жатуы – осының бәрі оған мүлдем жат.

Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады?

Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. 2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз. Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі – үлкен сын. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырырылып отыратындықтан бала ортаға тез бейімделеді.

Ата-анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет. Баласын тіркеу барысында ата-ана балабақшаға тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуін қандай көмек көрсету керектігін хабардар болуы қажет. Кейбір балабақшаларда психолог, тәрбиеші ата-аналармен әңгіме жүргізеді, кейбір кезде медбике, дәрігер немесе сол топтың тәрбиешісі сол іспен айналысады. Ал кейбір жерде қабырға газеттеріндегі ақпаратпен шектеледі, әрине ол жеткіліксіз. Ата-аналар мен тәрбиешілер бейімделу кезеңінің ұзақтығы мен әсерін, әр түрлі жағдайлармен алдын ала танысулары керек. Ата-ананалар да өз тараптарынан балаларының жаңа өзгерістерге икемделуіне жағдай туғызып, ортада өзін ұстау ерекшеліктерін айтуы қажет. Егер баланы ерте бастан күн тәртібіне үйреткен болса, өздігінен әжетханаға сұрана алатын болса, ұнтақталмаған немесе әртекті тағамға дайын болса, ойыншықтарымен ойнай алатын болса, басқа балалармен тіл табыса алатын болса, тәрбиешіге сенімді болса, онда бейімделу кезеңінен жеңіл өтетіні анық. Ал егер керісінше бала бұл жағдайларға дайындалмаған болса, кейбір жағдайда жүйке жүйесінде олқылықтар болған болса, онда өкінішке орай, ондай баланың жаңа ортаға бейімделу үрдісі қиындай түседі. Топ тәрбиешісі біріншіден, балабақшаға келе бастаған балалардың психикалық дамуымен және физикалық деңгейі жағынан өздерінің қабілеті бойынша, әр түрлі болатынын кездестіре бастайды. Кейбір балалар 2 жас шамасында келеді және өздігінен жүре алмайды, өздігінен тамақтана алмайды және ойнауды білмейді, балаларды жатырқайды, сонымен қатар анасын үнемі сағынады. Енді біреуі 3 жаста келеді және не нәрсеге болсын икемді, бірақ балалар ортасына қалыптаспаған, итеріп және ұрып жіберуі де мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір қысқа мерзімде барлығын, не болып жатқанын және олардан не талап етілетінін ұғатын бір деңгейдегі топты жинақтау қажет.

Бейімделу кезінде балада болатын психоэмонациональды қысымның белгілері

1. Ұйқыға жатқысы келмеу

2. Бұрын көрмеген, іс-әрекеттерден шаршау

3. Себепсіз ренжігіштік, жылағыштық немесе ызақорлану

4. Зейіні тұрақсыз, ұмытшақтық

5. Алаңдаушылық

6. Өзіне сенімсіздік

7. Қырсықтық таныту

8. Ұдайы саусақ сорғыштық

9. Қарым-қатынасқа түсуден қорқу

10. Бұрын байқалмаған, түскі және түнгі ұйқыда зәр шығару

Жоғарыда аталғандардың бәрі баланың психоэмоционалды күйзелісте екенін көрседі, тек алдын осындай белгілер байқалмаған жағдайда ғана.

Балалардың өзі-өзіне сену сезімін қалыптастыру

Бейімделу кезеңінің негізгі міндетінің бірі – қалада өзі-өзіне сену сезімін қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

1) Балаларды бір-бірімен таныстыру, бір-біріне жақындастыру;

2) Тәрбиеші мен баланың танысуы, баламен тәрбиеші арасында сенімділік орнату;

3) Топпен және балабақшамен танысу;

4) Балабақша қызметкерлерімен танысу;

Осының барлығы, яғни айналамен таныстру ойын түрінде жүргізілуі тиіс.

 Манапова Анар Жумагазыевна

ШҚО, Көкпекті ауданы

Аққала ауылы

«Октябрь мектеп балабақша кешені» КММ

Тәрбиеші

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста