Әжемнің мектебі

Ауылдан Əжеміз келген.
Жетпісті желкелеген кісі. Сол кісіні алып, жездеміздің үйіне, қонаққа барғанбыз.
Ет дайын болып қалғанда, апайымыз:
"Ал, мына жаққа қолдарыңызды шая қойыңыздар" деді.
Қолымыз тап-таза болса да, ас алдында қол шаю, сіңіп қалған сүннет қой, бəріміз жапа-тармағай орнымыздан тұрдық. Алдымыз есіктен енді шыға бергенде, Əжеміз саңқ ете қалды:
"Əй, отырыңдар түге! Бұ қазақ, қалаға келдік деп, қонақтың қолына су құюды да ұмытып қалған ба? Шақыр ана Ерасылды, тай жеген бөрідей, талтаңдатпай!" &mdash- дегені.
Ерасыл деген жиеніміз ғой. 10 жаста.
"Су құйсын, біреудің рақметін алмаса, алғысын алуға ұмтылмаса, қайтып адам болады деп отырсыңдар?" &mdash- дейді Əжеміз.
Ойланып қалдық.
Жарты сағат шулап, дүрдік ернін бұртитып, Ерасылға су да құйғыздық.
Əжем айтқандай, өзі де домаланып қалған екен. Тығыршықтай денесіне тырситып мəйке киіп алғанын да ұнатпағандай болды, үлкен кісі.
Су құйған "жігітке" бəріміз, "Ой, көп жаса", "Рақмет", "Алла разы болсын! ", "Оқуда озат бол!" &mdash- деген ақ тілекті жаудыртып жатырмыз. Үйретуіміз бойынша, иығына салып əкелген орамалын, алғашқы адамға ұсына салып, айнала құйып шықты.
Аяғын ала, тіпті тышқанның құйрығындай, жіңішкертіп, əп-əдемі ғып, құюды да тез игеріп ала қойды...
Осы, бұрынғы қазақ, бала тəрбиесіне қаншалықты бас қатырды екен деген ой келуші еді кейде.
Арнайы, "мынаны былай тəрбиелеу керек" екен деп, кітап ақтарып, психолог іздеп, сарсаңға түспей-ақ, небір өнегелі ұл-қыздарды өсірді емес пе? Ойлап бақсақ, ол кездегі тұрмыстың өзі де тəрбие болған екен де.
Қонақ келгенде, өз бөлмесіне кіріп, есігін тарс жауып, "бұлар қашан кетер екен" деп, компьютер шұқылап отыратын балаларды көріп жүрміз ғой.
Олардың психологиясын анау қонаққа су құйып, зыр жүгіріп жүрген бұрынғы балалармен салыстыруға келмейді.
Келген қонақтардың əңгімелерін тыңдап, əнін естіп, күйіне елітіп... еліктеп, құрметтеп, қызмет қылып, өзі де алғыс алып...
Əжемнің "біреуден алғыс алуға ынтық болмай, қалай адам болады деп отырсыңдар?" &mdash- деген сөзінде, өте ұлы ұғымдар жатқан секілді. Бала қызмет қылса, үлкендер əрине, алғысын айтады, бала марқаяды. Көпшіл болып есейеді, біреуге қызмет еткісі келіп тұрады.
"Береген қолым &mdash- алаған".
Бұл да біреудің сенімі мен көмегінен тыс қалмайды. Біреуге рақмет айтқыза алмай, рақмет айтса, оның қадірін сезінбей... қалай өмір болмақ? ..
Баяғыда, сырттан келе жатқан қонаққа, "Ассалаумағалейкум" деп, оң қолымен көкірегін баса, алдынан шығатын балалар еді.
Сəлемін алған кісінің "бəрекелдісін" естіп тұрып, есік ашатын да балалар болатын.
Одан кейін, су құйып, құлақ жеп, кеңес тыңдап. ..
Ас қайырарда, Ерасылымыз қайта келіпті.
Қызметі ұнап қалған секілді.
Тағы да алғыс жаудырдық.
Марқайып қалды.
Ғылым докторы атанған Əкесі істете алмаған өнегелі істі, жауырыны қушиған "жаман кемпір" жарты сағатта-ақ істетіп, тəрбиелеп кетті.
"Шалғы шалып, үлкеннен алғыс алған" қазақтың данышпандыққа толы, өнегелі өмірі-ай деші, ə!
Сағынасың. ..
Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста